Мойындайтын уақыт жеткен сияқты.

Бұл қылығым үшін қатты алаңдап, өзімді қоярға жер таппаймын.

Әңгіме мынада, кір мен ұқыпсыздықты су қаным сүймейді.

Әдетте көп адамдар үйнің, жұмыс орынының, көлігінің шашылып жатқанын жақтырмайды. Ал мен тіпті қоғамдық орындарда кір көрсем, шыдай алаймын.

Ұят болса да айтайын, мен қоғамдық дәретханаларда еденге лақтырып кеткен салфетканы көрсем, жинап жүремін. Шаймай кеткен түкіріктерді сумен ағызып жібермейінше сабама түспеймін. Дәретханада алдыңғы адамнан кейнгі су әбден тазармайынша ағызып тұрып аламын. Мейрамханада даяршыны күтпей, үстелді тазалап қою әдетіме айналған.

Менің дертім осы.

Неге осылай? Білмеймін.

Психиатрға бару туралы ойланып жүргенде, бір танысым Жапонияда барып, қызық дүнелер айтып келді. Жапондарда мынадай ереже бар екен: «Болған жеріңді тазалап кет». Олардың мектептерінде тазалаушы қызметкерлер жоқ екен. Оқушылар сабақтан соң сыныптары мен ортақ дәліздерді тазалайды. Ірі компаниялардың өзінде президент қолына шөтке алып, кабинетін тазалауы қалыпты жағдай екен (біздің ұлттық компаниялардың басшыларын шөткемен елестетіп көріңізші). Стадиондарда ойын біткен соң, жапондар қатарларды аралап, абайсызда түсіп қалған қоқыстарды жинап жүреді (ал енді біздің кинотеатрларды еске алыңыз).

Бәсе, мұндай кірпияздық қайдан келді десем!

Ғалымдар айтпақшы, Жапондармен геніміз ұқсас болғаны рас-ау.

Онда менікі дерт емес, қанмен келген қасиет қой!

Comments: 0