Қорықса, демек құрметтейді деп айтады. Ал мен: жоқ, қорықса демек тек қана қорқады, деп айтамын. Құрмет пен қорқыныш сырттай бір – біріне жақын, бірақ бұл екеуінің табиғаты екі түрлі. Құрмет- махаббатқа негізделген сезім. Құрметтейтін адам басқа адамға кез келген жағдайда көмектеседі, қорқыныш болса жек көрушілікке негізделген, себебі ешкім өзін қорқытқанды жақтырмайды. Қорқыныш күштімен есептесуге мəжбүрлейді, бірақ қорқатын адам қорқытатын адамына зиян келтіруін ойлап тұрады.

Comments: 0