«Макдональдсді» мақтағым келеді.

Жоқ, пайдалы астың жақтаушылары, тоқтай тұрыңыздар! Маған өздерінің экологиялық таза қызанақтарыңды лақтырмаңыздар!

Мен де зиянды фаст-фудқа қарсымын.

Сөзім мүлде басқа туралы. Бизнестің өзінің ұйымдастырылуы туралы. Қалайша мәзірді 5-6 шамасындағы үйреншікті тағамдарға дейін оңайлату және оларды фотоға үлкейтіп түсіріп кассаның үстіне іліп қою ақылға келген десейші. Әлемнің кез келген еліндегі келушісі тек қана саусағымен суретті түртіп қалса болғаны. Сатушының қимылдары да ең аз мөлшерге дейін жеңілдетілген. Өзінің кассалық аппартында солайша бір түймешекке ғана баса салу қажет, дәл сол сәтте артында тұрған аспазшы тиісті белгі алады да тағы бір гамбургерді жинайды.   

Болды!

Маймылдың немесе банкоматтың деңгейі сияқты оп-оңай. Бұнда тағы бірдеңені ойлап шығаруға болмайтын сияқты. Ілгерілік пен оңтайландыру тағы қайда жылжи алады?  

Алайда, олай емес.

Осы жолы Еуропада «Макдональдстарда» жаңа ойыншықты көрдім: тапсырыстар автоматын. Оған жақындап келесіздер, өзіңіз сізге қажет тағамды түртіп қаласыздар, кредит карточкасын саласыздар, төлейсіздер, осымен  болды. Сатушыға барып, өзіңіздің тапсырысыңызды алу қалады. Яғни, сіздің сатушыға бірдеңе айтуға да қажеті жоқ.

Меніңше, тек гамбургерді шайнап, ауызға салудан басқа түкте қалмаған сияқты. Қалғанның бәрі жасалып болды! )))

Comments: 0