Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің ішкі нұсқамаларының біреуі  :

Құрметті әріптестер.

Мемлекеттік қызметкердің атағы бізге ерекше жауапкершілік міндеттейді. Мемлкетке қызмет ету деген халыққа қызмет ету деген мәнді білдіреді. Біз – халықтың қызметшілеріміз. Біз халыққа бағынамыз және оның салықтарына өмір сүреміз. 

Бұл біздің күнделікті жұмысымызда нені білдіреді?

Біз өзіміздің қызметтік жағдайымызды жеке мүдделерімізге пайдаланбауымыз керек. 

Онымен байланысты билік пен мүмкіндіктер қызықтырып ұрындырады. Кейде өздеріміздің жақындарымызға кейбір игіліктерді алуға, мысалы, оларға мемлекеттік қызметке түсуге, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды жеңуге және т.б. көмектескіміз келеді.  

Оған рұқсат етілмейді.

Біздің отандастарымыз (салық төлеушілер – жалдаушылар) біз билікті өзіміздің игілігімізге және жақындарымыздың игілігіне пайдаланғанымыз үшін емес бізді жұмысқа жалдап, жалақы төлеп отыр. 

Біз мемлекеттік мүлікті өзіміздің жеке мүддеміз үшін пайдаланбауымыз қажет.

Мысалы, біз қызметтік көлікті жеке жүрулер үшін пайдаланбауымыз қажет. Біз көлікті жанұямыздың мүшелерінің сапар шегулері үшін пайдаланбауымыз қажет. Әр салық төлеушінің ашуын сұлулық салонының немесе дүкенге мемлекеттік нөмірлі автокөлік келіп тоқтап, ал одан шенеуніктің жұбайы не балалары шығып жатқан көрініс шақырады. Және де халық ашулануға құқылы, өйткені бұл автокөлік салық төлеушілердің қаражатына сатып алынған және пайдаланады.  Біздер, шенеуніктерге, оны өзіміздің жанұямыздың мүддесіне пайдалануға кім ерік берді? Ешкім де!

Біз қызметтік телефондарды қалааралық байланыс пен ұялы байланыс бойынша жеке сөйлесуіміз үшін пайдаланбауымыз керек, өйткені бұл жағдайда салық төлушілердің ақшасын жұмсаймыз. Шынында өзімздің отандастарымызды тонаймыз.

Біз азаматтар үшін қол жетпейтіндей болмауымыз қажет.

Әр деңгейдегі шенеунікке кіру мүмкін емес деп және өте қиын деп саналады. Бұлай болмау қажет! Біз халықтың қызметшілеріміз. Қожайын өзінің қызметшісінің қабылдауына кіре алмайтыны қалай ғана болып шықты екен? Біз әр азаматты қабылдауға міндеттіміз. Тек бір ғана шектеу – біздің жұмысбастылығымыз. Бұндай жағдайда бізбен кездесуді қалаған әр азаматпен  кездесу үшін уақыт бөлемуіз қажет.

Сонымен қатар, әрине, азаматтардың заңдылыққа және басқа азаматтардың құқығына қайшы келетін өтініштері мен талаптарын орындамауымыз керек. Бірақ естулі болу – әр азаматтың ізгі құқығы. 

Біз азаматтармен менменшіл болмаумыз қажет. 

Бізге ешкім өзімізді азаматтардан жоғарымыз деген құқық берген емес. Әр кезде әрқайсымыз мемлекеттік қызметтен тыс шығып және қарапайым азаматқа айналуымыз мүмкін екенін есте сақтауымыз қажет. Мемлекеттік шенеуніктердің қабылдауына кіріп біз өзімізді қалай сезінеміз? Бізбен менменшіл және немқұрайлы сөйлескенді қалаймыз ба?

Біз жұмыс орнында жұмыстан алданбауымыз керек. 

Әр жұмыс берушіге оның қызметкері жұмыс орнында өзінің жеке істерімен айналысқаны ұнамас. Сонда біз неліктен азаматтарға біз, олардың қызметшілері, жұмыс уақытында шай ішіп, өзіміздің сатып алғанымызды не футбол мачтарын талқылағанымыз ұнайды деп санаймыз? Бұл мүлде болмау қажет! Бөгде адамдар қатысып тұрғанда біз өзара және телефон арқылы ешқандай жеке сөйлесулер жүргізбеуіміз қажет. Бұл қадірлемеушілік пен тәрбиесіздікті көрсету.   

Comments: 0