Балабақшаларды төлеу жүйесі туралы бірнеше сөз.

Мемлекеттік балабақшаларға бару үшін орнатылатын төлем нарықты болуы керек. Ол балабақшаның барлық шығындарын ғимарат пен жеке мүліктің амортизациясын ескере отырып өтелуі керек.

Ал балабақшаларға баруын адамдар әртүрлі жолмен төлеу керек. Әкімдіктен өз кезегін күткендер балабақшаны өзінің қалауы бойынша таңдап, онымен келісім жасасуы керек. Осы келісім негізінде әкімдіктер осы ата-аналар үшін балабақша қызметтерін төлеуі тиіс. Осында келесі қағида әрекет етуі керек: «Ақша бала үшін жүреді» бұл қағида қазіргі танда ауруханаларда әрекет етеді: «Ақша науқас үшін жүреді», сондай-ақ, ол жақын арада мектепте де орын алмақ: «Ақша оқуышы үшін жүреді».

Нәтиже бірдей болған сияқты: бюджеттен алынған ақшаның мөлшеріне сәйкес мемлекеттік балабақшалардағы балалар санына қызмет көрсетіледі. Алайда айырмашылық түбегейлі және өте маңызды болады. Мемлекет мектепке дейінгі мекемелерді ұстамайды, бірақ олардың қызметтерін төлейді. Бұл ақша балабақшаларды ұстау үшін емес, ең жақсы сапаның таңдауын жасау үшін ата-аналарға берілуі керек.

Осындай жағдайда мемлекет қаражаты үшін ата-аналардың таңдауы арқылы мемлекеттік балабақшалармен қатар, жеке меншік балабақшалары да күреске түседі. Бірақ ең бастысы, мемлекеттік балабақшаларға бару құны өскеннен кейін жеке меншік балабақшаларындағы бағалар ата-аналарды үркітпейтін болады. Олар да соған қарай ұмтылады. Сұраныс ұсынысты тудырады. Ондаған кәсіпкерлер жаңа балабақшалардың құрылысына қаражаттарын сала бастайды. Бұл қызметтің түрі болашақта тиімді болады.

Осылайша біз балабақшалардың жетіспеушілік мәселесін мемлекет тарапынан жоспарлаған уақытқа қарағанда ертерек шеше аламыз. 

Comments: 0