Менің бұрыңғы әріптестерімнің, мемлекеттік қызметкерлердің арасында өздерінің борыштарын адал ниетпен орындайтын адамдар көп. Қызметте олар тек қана істің мүдделері туралы ойлайды. Оларды мен «мемлекеттікшілер» деп атаймын. Осындай адамдармен достық пен  олардың құрметтеулерін қадірлеймін.  

Басқа, мемлекеттік қызметке табыс көзі ретінде қарайтын,  шенеуніктер де бар. Жұмыста көп уақытын олар өздерінің қызығушылықтарымен алаңдаушылықта болады.  Олар әріптестеріне туысна мемлекеттік тапсырыс алу, танысын жұмысқа орналастыру, несие алу және т.б. бұйымтайлармен жүгіне береді. Мен осындай адамдарды «погон таққан табыскерлер» деп атаймын.

Менің бір танысым болды. Орташа алғанда, айда бір рет қоңырау шалып отырды және әр жолы жеке бұйымтайларымен жүгініп тұрды.  Бірде рет қаражаттандырудың мемлекеттік жүйесін жалпы жақсартуды талқылау үшін ол маған қоңырау шалмады. Оның ағасына жеке қаржыландыру бөлуді сұрады. Несиелерді қалайша қолжетімді жасауды талқылаған жоқ. Тек өзінің фирамсына жекелей несиены қалай алу ғана мазасын кетіріп тұрды. Тек мемлекеттік «қазаннан» жіліктің майлы басын өзіне қалай «қарпып аламын» дегенді ғана талқыға салды. Оның «Мүмкіндік бар болғанда, оны пайдалану керек» деген сүйікті кіріспесі болды.

Бірнеше рет менен қабыл алмай, менің ойымша, ол, көңілі қалып,  менімен қатынасуды қойды.  

Comments: 0