Менің Ресейге көзқарасым қандай?

Мен оны қадірлеймін, өйткені мен үшін Ресей Путин, Жириновский, Киселевтер ғана емес. 

Мен үшін Ресей, ең алдымен, ол барлық адамзаттың қалыптасуына зор үлес қосқан Ломоносов, Менделеев, Пушкин, Толстой, Попов, Гагарин, өзінің халықының ұлы даналары.

Мен үшін Ресей – гитлерлік фашизмге қарсы күресте қазақтармен, белорустармен, украиндықтармен және т.б.-мен бірге жан тапсырған миллиондаған орыстар.  

Мен үшін Ресей деген Елена Михайловна Левыкина да, Ресей азаматшасы, адамдарға төзімді және мейірімді болуды үйреткен мектептегі менің мұғалімім.

Міне осы адамдар және басқа қалыпты, адекватты, ақылды, мейірімді ресейліктер мен үшін – Ресей. Осындай елге мен қалайша жаман көзбен қарай аламын? 

Иә, маған Путинның саясаты ұнамайды. Иә, Жириновскийдің кейбір сөйлеген сөздер ызамды шығарады. Иә, Киселевтің бағдарламалары менің зәремді алады. Және де, иә, шетелде кейбір ресейліктер үшін мен ұяламын. Бірақ осының бәрі оларға дейін пайда болған Ресейге деген зор қадірлеу сезімімнен басым болмайды. Жеке адамдарға деген жеркенішті бүкіл халыққа аударуға болмайды деп ойлаймын.

Путин, Жириновский және Кисилевтер өтіп кетеді, қазіргі жаппай империялық психоз да өтеді, ал Ресей қалады. Сондықтан, иә, мен Ресейді қадірлеймін, кейде оның басшылығын сынға салсам да, кейбір ресейліктердің, менің ойымша, жаман сипаттарын сынға салсам да.   

Мен бұны ол жақсарады деген үмітпен жасаймын. 

Comments: 0