Жақында өзіме толығымен ұнайтын сағат сатып алдым.

          Біріншіден, онда сағат, минут, секунд тілшелері бар. Ол ірі және циферблатта жақсы көрінеді. Сондай-ақ, ол фосфордан жасалған және қараңғы жерлерде де көріне алады. Менің алдыңғы сағатым ақ алтыннан жасалған, жіңішке тілшелермен болған. Сырттай ерекше әсерлі болып көрінген, бірақ циферблаттан дұрыс көрінбейтін болған, сондықтан да, маған үнемі үңіліп қарап, оларды көзбен іздеуге тура келді.

           Екіншіден, олар аптаның күні мен санын көрсетеді. Бұл өте ыңғайлы. Менің бұрынғы сағатым ай мен жылды көрсеткен болатын. Бірақ, шыны керек мен ешқашан жылды және айды естен шығаратындай, мас болып көрген емеспін. Онда сағаттың бұл қасиеті маған не үшін қажет?

            Үшіншіден, олар кварцтен жасалған. Бұл сағатты күн сайын бұраудың және түнге бұрау механизмына қоюдың қажеті жоқ. Мен оларды үстелде екі демалыс күніне қалдыра аламын және дүйсенбі күні олардың жүріп жатқанын нақты біле аламын. Қымбат, әрі өзі бұралатын сағаттарды сататын адамның маған айтқан келесі сөздері әлі есімде қалды: «Үш жылдан кейін кварцтық сағаттар тоқтап қалады. Сіз елсіз аралда болғаныңызды елестетіп көріңізші. Сонда өз сағатыңызды қалай бұрайтын боласыз?» Шынымен де қалай, деп ойладым да, автобұрауы бар сағатты сатып алдым. Сіз білесіз бе, мен осыдан кейін елсіз аралдарда қанша рет болдым? Дұрыс, Ешқашан! Онда сағатымдағы ең қымбат автобұрау механизмі маған не үшін керек.

             Төртіншіден, олар ықшамды болып келеді. Олардың циферблатында артық ештеңе жоқ. Мысалы, менің бір сағатымда хронограф болды. Мен секундомерді қосып, токтатып, одан кейін қайта қосып және оны қайта түсіре алатын едім. Өте қызықты нәрсе. Алайда осы уақыт ішінде мен бұл қызметті бір рет қана, яғни сағатты сатып алған кезде және механизмді тексерген кезде қолдандым. Осыдан кейін бірде-бір рет қолданбадым. Сонымен қатар, менде ай кезеңдерін көрсетіп тұратын сағат болды. Менің осы ай кезеңдеріне қызығатын адамды көргім келетін еді. Алайда жеке өзім осындай адамдарды кездестіріп көрген емеспін.

              Бесіншіден, менің сағатым жеңіл. Онда артық қызметтер жоқ, соған байланысты артық темір жоқ.

              Алтыншыдан, ол арзан. Мен оларды 300 евроға сатып алдым. Менің алдыңғы сағатым 5 000 евро тұрды. Мен оның көмегімен айналадағыларға өзімнің маңыздылығымды көрсеткім келген кезде сатып алдым. Қазір мен өз маңыздылығымды сағаттың көмегімен көрсетпеуге тырысамын.

              P.S. Бұл пост не туралы?

              Әрине сағат туралы емес. Пост ойлардың қалыпы және өмірдің стилі жайлы айтылған.

              Мен қазақтардың мақтаншақтықтарын ұмытатын, біздің миллионерлеріміздің жай футболкаларда және джинсыларда жүруін, арзан сағаттарды тағуын, қарапайым машиналарда жүруін, айналасындағыларға қалай әсер ету керектігін емес, сыртқы жағдайларға назар аудармай, шынымен де, пайдалы жұмыспен айналасу керектігін ойлайтын күнге жетуін армандаймын. 

Comments: 0