Мінберге шығып тұрған және ықтырма артында тұрған адамдардың түйсіктерінде және мінез-құлықтарында зор айырмашылық болады. 

Сен көпшіліктің назарында болғаныңда, жүздеген көздің қадағалауында болсаң, сенің миың әуре-сарсаңға түседі. Бұл сенің қимылдарыңа және сөйлеген сөзіңе бұғау салып тастайды.  Сен мелшиіп қаласың, тұтығасың, айтқың келгенді жеткізу үшін сөз таба алмайсың. 

Ал сен артқы планда тұрғаныңда мүлдем басқаша болып еді. Сен  сабырлысың, жинақтысың, көңілің қадалған болады. Сенің мыйың қалыпты жұмыс істеуде, ойларың байсалды, дәйекті және көңілге көнімді  болады. Өйткені саған ешкім назар аударып тұрған емес. Сен мінберге шыққан шешенге қарап, оны мүлдем түсіне алмайсың. Оған не болған? Онымен сөйлетін сөзінің бәрін біржолата талқылаған едік қой. Ол сөздерін жатқа біледі дерлік. Ол не деп былдырлап тұр?

Ең қызығы, сен өзің ықтырма артынан мінберге шыққаннан кейін алдыңғы сөз сөйлеушімен рөлдерді ауыстырып алған сияқты боласың. Кенеттен сен шырмалып, тілің мүкістеніп, икемсіз бола қаласың. Сен өзіңді өзің мүлде танымай қаласың. Осыдан бір минут бұрын сен бәрін де біліп тұрған сияқты едің, бәрін де анық айта алдың, кенеттен аузыңа құм толып қалғандай болды да қалды. Ал бір минут қана бұрын екі сөздің басын қоса алмаған алдыңғы сөз сөйлеуші, көпшіліктің назарынан бір аттам ғана тыс кетіп қалып, кенеттен ештеңеден қысылмайтын, сөзуар және де билеп әкетуге дайын болып қалады.   

Comments: 0