– Сенің үнемі Ресей мен Путинді жамандай беретініңді түсінбеймін? Орыстар не істеді саған сонша?

       – Жоға, тіпті олай емес! Орыс халқына қарсы ешқандай пікір айтқам жоқ. Мен тек Путиннің саясатына ғана қарсымын. Ресей мен Путин бөлек ұғымдар ғой. Путин бір күні биліктен кетеді, ал Ресей мәңгілік көршіміз.

       – Путин несімен ұнамайды? Мемлекетті олигархтар мен Америкаға сатып жібере жаздаған, ішкіш, орыстардың абыройын айрандай төккен Ельцин сияқты президент болғанын қалайсың ба?

       – Неге Путинді тек Ельцинмен салыстырасың. Билеуші ішкіш немесе диктатор ғана болуы міндетті емес қой, елді басқарудың басқа да жолдары бар емес пе? Мүмкін Ельцин мінсіз президент болмаған шығар, бірақ Ресей оның тұсында тәуелсіз ел атанып, ашық және бағыты айқын мемлекет болды. Қазір Ресей көпшіліктің алдында полицейлік және басқыншы мемлекетке айналды. Бір қызығы, Ельциннің тұсында ресейліктер абыройымыз тапталып жатыр, ешкім бізбен санаспайды деп байбалам салған жоқ. Неге енді ғана сол жылдары есесі кеткенін біліп жатыр?

      – Путинсіз Ресей құрдымға кететін еді. Ресейге мықты басшы керек.

      – Неге?

      – Себебі ел аумағы өте кең, тәртіпсіздік көп, халықтың басым бөлігі тек күшке бағынатын тобыр.

      – Сен де тобырға жатасың ба сонда?

      – Жоқ әрине, бірақ көпшілігі – тобыр.

      – Қызық екен. Әркім өзін ақылды адам санап, басқаларды тобырға жатқызады да, осы тобырға ие болу үшін елде қатаң билік болғанын қалайды. Сонда халық саны Ресейден әлдеқайда көп АҚШ, Канада сынды мемлекеттер демократиялық, дамыған елдер болып отыр?

     – Себебі біз оларға ұқсамаймыз, біз ерекшеміз. Ал біздің Путин – нағыз көшбасшы.

     – Жемқорлықтың белең алып, шенеуніктердің күн санап байып жатқанына қарамастан ба? Бұны жоққа шығармайтын шығарсыз.

     – Енді онсыз болмайды ғой? Олардың орынында болсақ, бәріміз солай жасайтын едік қой. Басқалар ұрлағанша, Путин мен оның айналасы болсын. Есесіне біз ешкімнен қорықпаймыз, ешкімнің алдында кішіреймейміз. 

Comments: 0