Кейбір кезде жақсы ниет кері нәтижеге апарып соғады.

     Мен 5 жаста болған кезімде пошташы біздің бес қабатты үйімізде газеттерді тек екінші қабатқа апарып, оларды пошта жәшіктеріне салғаны есімде.

     «Ал жоғарғы қабаттағы тұрғындар қалай болады?» – мен ойладым да, игі іс жасайын деп шештім. Мен барлық пошта жәшіктерінен газеттерді алып шықтым және жоғарғы қабаттағы көршілердің бәріне жеке апардым. Көбі мені мейірімді қарсы алды және менің бастамамды мақтады. Сол сәтте мен шыныменен өзімнің адамдарға керектігім, мен оларға әкелген пайдамның сезіміне бақытты болдым.

     Осылай бірнеше күн болды.

     Ал одан кейін мені өкпелі түрлер қарсы алатын болды. Кейбір кезде менің келуім тіпті ыңғайсыз болды, біреулердің ашуын келтірді. Ақырында бір күнде көрші әйелдердің біреуі мен арқылы оларға газеттердің бәрі келмейді деп шет жағасын анама айтты.   

     Мен осыны естігенде, жылай жаздадым. «Қалайша бұл болды – ойладым мен, – адамдарға пайда әкелейін дегенмін, ал олар мен газеттерді ұрлады деп күдіктенеді?!».

     Енді қазір жақсы бірдеңе істеуге тырысқанымда, ал жауап ретінде түсінбеушілік, тіпті наразылық пен басқыншылық алып қалғанымда мен сол газеттерді есіме түсіремін.

     Бәлкім, өзім кінәлі болған шығармын.

     Бұндайға да дайын болу қажет.

     Ең жақсы ниеттердің өзі де кейбір кезде кенеттен кері нәтижеге апарып соғулары мүмкін. 

Comments: 0