– Тыңдашы, сен осы қазақ тілі жайлы тақырыпты не үшін қайта- қайта қозғай бересің? Сен қайықты әдейі тербетіп жатсың ба? Осында украиндық сценарийді қайталағың келе ме? Жақсы тұрып жатырмыз ғой. Құдайға шүкір, бейбіт және тыныш. Барлығы бәріне қанағатты, сең болсаң қайтадан қазақ тілі жайлы посттар жаза бересің. Не үшін?

       – Саған жақсы тұрып жатқанымыз сырттай көрінетін шығар, бірақ көптеген қазақтарға олай көрінбейді. Ірі қалаларда адамдар арасындағы ортақ қарым-қатынас негізі орыс тілінде жүреді. Ауылдардан келген көптеген қазақтар қалаларда өздерін шетел адамдары сияқты сезінеді. Қазір дүкенге кіріп орыс тілін білмей, тауар да сатып ала алмайсың. Неге Қазақстандағы қазақ мемлекеттік тілде сөйлеп, толыққанды өмір сүре алмайды?

       – Сен асыра сілтеп жатырсың. Қазір барлық қазақтар орыс тілін түсінеді және түсіндіре алады.            Сатып алуларды жасамаса, ауылдың қазағы қалада қалмайды.

       – Менің ойымша, жағдай шынайы болып келеді. Мысалы келесі жағдайды елестетіп көрші, орысша сөйлейтін дәріханадағы фармацевт қазақша сөйлейтін атаға дәріні қалай қабылдау керектігін дұрыс түсіндіре алмады, ал ата болса оны қате қабылдап, денсаулығын одан да жаман босмаса, ауруын асқындырып жіберді. Осындай жағдай шынымен болуы мүмкін емес пе? Сондықтан, мені осындай жағдайға түсу мүмкіндігі ызаландырады. Қайталап айтамын, бұл Қазақстандағы қазақтың жағдайы туралы әңгіме қозғалып жатыр. Егер заң бойынша дүкендерде қазақ тілінде жауап беру міндетті болмаса, онда тапжылмай орысша сөйлейтін, қазақша сөйлей алатын сатушылары жоқ дүкендер міндетті түрде табылады. Осындай жағдайда, қазақ алдыңғы ғасырда болған резервациядағы американдық үндістерден немесе апартеид кезінде болған ОАР қара нәсілді адамдардан несімен ерекшеленеді? Мен осыны құқықтың тең еместігі және қазақ тілді азаматтардың құқықтарына шек қою деп түсінемін.

      – Қандай шек қою туралы айтып жатырсың? Қазақтарға біреу қазақ тілінде сөйлесуге тыйым салып жатыр ма? Кім сөйлегісі келсе, сол сөйлесін.

      – Құдайға шүкір, бұл мәселе тыйым салуға дейін жетпеді. Мысалы сіз, орысша сөйлейтін қазақстандықтар, мемлекеттік тілде сөйлесуге қарсылықтарыңызды білдіресіз.

      – Сөйлескіміз келмейді және сөйлеспейміз. Осылай жасауға құқығымыз бар. Қазақстандағы орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Конституцияда ол қазақ тілімен тең қолданылады. Сен және басқа ұлтшылдар неге бізге орысша сөйлесуге тыйым салғыңыз келеді?

      – Мен және ұлтшылдардың көпшілігі ешқашан орыс тілді азаматтарға орыс тілінде сөйлесуге тыйым салмаған болатынбыз. Құдай үшін, қанша сөйлескіңіз келсе, сонша сөйлесіңіз. Қаласаңыз татар, корей, белорус, неміс және т.б. тілдерде сөйлеңіз. Біз тек қана сіздердің қазақша сөйлегеніңізді сұраймыз. Қазақстандағы қазақ отандасымен мемлекеттік тілде сөйлесе бастаса, онда оның мемлекеттік тілде жауап алуға мүмкіндігі болуы керек. Қалай болғанда да, мемлекеттік органдарда және қоғамдық орындарда: дүкендерде, ресторандарда, көлікте және т.б. Біз көп нәрсені талап етеміз ба? Талап етпейміз, тіпті сұраймыз, жалынамыз, көндіреміз. Осылайша бұл 25 жыл бойы жалғасып келеді. Айтпақшы біз, қазақтар осылайша көптеген бұрыңғы одақтас республикалардан ерекшеленеміз. Біз өте сабырлы және шыдамдымыз. Біз осындай болғанымыз соншалықты, кейбіреулер осыны әлсіздік деп санайды.

      – Оларды не үшін көндіресіз? Мемлекеттік органдарда заң бойынша сұрау тілінде жауап беру керек. Егер сұрақты қазақша қойсаң, онда қазақша жауап аласың.

      – Иә. Осылайша. Ал жеке меншік дүкендер, мейрамханалар, қонақ үйлер, офистер ше? Ондай мекемелерде заң бойынша сұрау тілінде жауап беруге міндетті емес. Бұл ауылдан қалаға келген қазақтың өзінің туған жерінде, ана тілінде қызмет ала алмайтынын білдіреді. Сен осыны қызық әрі әділетсіз деп санамайсың ба?

     – Білмеймін. Менің ойымша бұл мәселенің терең астарлары бар. Егер қазақша сөйлейтін азаматтарға барлық дүкендерде және кафелерде қазақ тілінде жауап берсе, осыдан олар бақытты болады деп ойлайсың ба? Осыдан олар одан сайын білімді, бай және ақылды бола ма?

     – Осы жағдайда мен сенімен келісемін. Мәселе дүкендер мен кафелерде қызмет көрсетуде емес. Бүгін қазақша сөйлейтін азаматтар өзінің Туған жерінде орыс тілін білмегендіктен мансапқа жете алмайды, байып кете алмайды. Сен бір министрдің немесе вице-министрдің, бір де болсын әкімнің немесе оның орынбасарының тек қана қазақ тілінде сөйлегенін көрдің бе? Осындай адамның біреуі де жоқ. Бір ғана мемлекеттік тілді біліп мансапқа жету мүмкін емес. Алайда, орыс тілін білетін, бірақ қазақша бір де бір сөзді білмейтін адамдар біздің еліміздің министрлері, әкімдері, миллионерлері болып тағайындалады. Мұнда әділеттілік қайда? Бір ғана мемлекеттік тілді біліп, жоғарғы жетістіктерге жете алмайтын осы елдің қазақ тілді азаматтарының не жазығы бар?

    – Сен қазақ тілді азаматтардың осыдан мансапқа жете алмайтынына шынымен сенесің бе? Менің ойымша, мәселе онда емес, олардың бәсекеге қабілетсіздігінде. Мен саған қазір осыны дәлелдеймін. Менеджмент бойынша қанша кітап оқуға болатынын айтшы? Ал маркетинг бойынша? Ал пиар бойынша? Ал бағдарламалау бойынша? Иә, жарайды бұл арнайы әдебиет. Әлемдік көркем әдебиеттің көптеген кітаптары қазақ тілге аударылған ба? Шекспирь, Золь, Геттені қазақ тілінде оқи аласың ба? Ал енді шынымен айтсақ; осы кітаптың барлығын оқыған немесе Абай, Жамбыл, Әуезовті тіпті жатқа білетін адамдардың арасында қайсысы білімдірек және көп оқыған болып саналады? Кім үздік маман болады; киллобайт ақпаратты қазақ тілінде оқитын адам ба, әлде орыс тілінде мегабайт ақпаратты немесе ағылшын тілінде террабайт ақпартты оқитын адам ба? Өйткені дүние жүзі бойынша қазақ тіліндегі ақпарат көлемі орыс тіліндегі және ағылшын тіліндегі ақпарат көлемімен сәйкес келмейді.

      – Біз осы бағатта жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда көптеген әдебиеттер қазақ тіліне аударылып жатыр.

      – Сен қалай түсінбейсің, әдебиет классиктерін сендер аудара аласыңдар, алайда қазіргі таңдағы ақпараттың барлығын бір минутта аудару мүмкін емес қой? Әр секунд сайын олар терабайт болып құрылады. Осының барлығын аудару үшін бізге еліміздің барлық ресурстарын жұмсау керек. Осының барлығы не үшін? Қазақстанның 17 миллион азаматтарына ақпараттың үлкен ағынынына бірден жолды  ашу үшін оларды ағылшын тіліне немесе орыс тіліне үйретуге оңайырақ болмайды ма?

      – Сірә, мен сенімен келісемін. Осы жағдайда сенікі дұрыс. Бірақ менің мына сұрағыма жауап берші: Дүние жүзінде ақпарат көлемі ағылшын тілінде едәуір көп болғанымен, француздар француз тілінен бас тартты ма? Ал испаниялықтар, немістер? Сондай-ақ, адам саны көп емес финдер, литвалықтар, эстондықтар ше? Осы мемлекеттердің біреуі әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің артынан еремін деп өзінің ұлттық тілінен бас тартты ма?

      – Жоқ.

      – Міне осылай. Түсінші. Тіл – ұлттық сәйкестендірудің ажырамас бөлігі. Мемлекет мәдениетсіз, тілсіз, салт-дәстүрлерсіз басқалардан ерекшелене алмайды. Оның жеке, тәуелсіз болу мағынасы жоғалады.

      –Осыған қандай шешімің бар?

      – Мен адамдардың шектелмеген шеңберіне қызмет көрсететін мекемелерді заңды түрде міндеттеуді ұсынамын: сұрау тілінде жауап беру, яғни қазақ тілінде немесе орыс тілінде. Мемлекеттік органдарда сияқты. Қызмет көрсету шеңбері шектелмеген мекемелерге кез-келген азаматтарға соның ішінде қазақ тілді азаматтарға қызмет көрсететіндерді жатқызамын. Олардың құқықтарына шек қойылмау үшін оларға жауап қазақ тілінде қайтарылуы керек. Ол үшін әр дүкенде, әр мейрамханада, кафеде және т.б. әр ауысымда кем дегенде қазақ тілінде сөйлейтін бір қызметкер болуы керек. Бұл заңнамада жазылуы керек. Сонда қазақтар оларға қазақ тілінде қызмет көрсетілуін талап ете алады. Сонда қазақша сөйлейтін қызметкерлерге сұраныс пайда болады. Сонда көбісі қазақ тілін оқи бастайды: орыстар, қазақтар, немістер, корейлер.

      – Сен либерал-демократсың ғой. Жеке меншік компаниялардың ішкі істеріне араласу және оларды қандай да бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеу демократиялыққа жатады ма? Сен шет елде жиі боласың ба? Сен осындай заңдарды бір жерде көрдің бе? Американың өзінде Чайна-таундарда тұратын адамдар ағылшын тілін білмей-ақ, өмір сүруі мүмкін. Ештеңе де емес. Бірқалыпты. Оларға ешкім ағылшын тілін оқуға мәжбүрлеп жатқан жоқ.

       – Америкаға қарағанда Қазақстан өзге мемлекеттің бір бөлігі болған және бұл мемлекеттің тілі басқа болған. Ресей патшалығында және КСРО құрамында болып, біз тілімізді ұмыта жаздадық. Егер тиісті шаралар қолданбасақ, онда тілімізді мүлдем жоғалтып аламыз. Осындай жағдайда қатаң шаралар орынды деп санаймын. Мен осыны аспазда санитарлық кітапшаның, заңгерде лицензияның немесе такси жүргізушілерінде куәліктің болуын талап ететін заңмен салыстырамын. Осындай білімдері және дағдылары жоқ болса, олар өздерінің әрекеттерімен қызмет көрсетілетін азаматтарға залал келтіруі мүмкін. Сондықтан мемлекет осындай қызметкерлерге қосымша білімді алуға міндеттеу керек және оны ресми түрде растау керек.

      – Осы сен биліктің басында барлық орысша сөйлетіндер отыр деп айтасың. Ал олардың көбісі қазақтар екенін байқадың ба? Мәселенің осы жағын сенің байқағың келмейді. Менің ойымша, Қазақстанда ұлты қазақ емес адамға мансапқа жету өте қиын.

      – Біріншіден, ұлты қазақ еместер билік басында көп. Оларды атап өткім келмейді, себебі сен оларды менсіз-ақ білесің. Екіншіден, тақырыпты басқа жаққа ауытқыма. Біз қазір ұлт мәселесін емес, тіл мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл басқа зат. Үшіншіден, билік органдарында ұлты, жынысы, жасы және т.б. бойынша ерекшеленетін нақты тұлғалар үшін орындардың жасанды үлестеуіне мен қарсымын. Бұл дұрыс емес. Басшылық қазақтарды басқа ұлттармен араластыруды жөн көріп, қызмет орынға орыс ұлтының өкілін тағайындау керек деп шешкендіктен, кәсібі жоғарырақ қазақ бұл қызметке өтпей қалады. Бұл ойға қонымсыз. Менің ойымша қызметке тағайындаумен салыстырғанда осындай шешім орыстар үшін қорлау болып саналады. Мансапта ұлтпен ешқандай байланыс болмауы керек.

      – Өкінішке орай, барлық ұлтшылдар олай ойламайды.

      – Айтпақшы, ұлтшылдық туралы. Сен осы сөзді қандай да бір жағымсыз әсермен айтасың. Менің ойымша, ұлтшылдық – егер оның мәні адамдардың өз этносын мемлекеттегі басқа этностарға зиян келтірмей дамыту ұмтылысын түсіндіретін болса, онда оны жақсы деп санаймын. Егер біреу өз ұлтын көкке көтеріп және басқаларды қорлап жатса, онда бұл ұлтшылдық емес, шовинизм болады. Ал бұл қоғамдағы жаман жағдай. Онымен даусыз, күресу керек.

      – Неге сіздер, ұлтшылдар, қазақ тілі туралы мәселені үнемі көтере бересіндер, біздің елімізде одан басқа мәселелер жоқ па? Бізде жемқорлар миллиардтармен ұрлайды, бай әкелерінің балалары адамдарды қағып жатыр, жаңа туған нәрестелерді қазылған орларға тастайды, лаңкес автоматтармен қаланың бойымен жүреді, ал сіз тіл, тіл деп айта бересіз.

      – Менің ойымша, сен әңгімені басқа жаққа бұрып әкеткің келеді. Саған қандай да бір мәселені талқылау қолайсыз болған кезде, сен бірден дәлелдерге көшесің, мысалы: басқа талқылайтын мәселе қалмаған ба?». Шын мәнінде, мен және басқа белсенді азаматтар әр түрлі тақырыптарды қозғаймыз. Сыбайлас жемқорлықпен, «алтын жастардың» жазасыздығымен, рухсыздықпен күресеміз. Бірақ қазақ тілі мәселесі, дұрысырақ айтқанда, қоғамдағы тіл иелерінің әркелкі күйі, өзекті болып саналады. Әсірсе бұл біздің қазақша сөйлейтін азаматтарымыз үшін өзекті болады. Осыдан олардың қоғамдағы мәртебесі, мансапқа жетуі, әл-ауқаты тәуелді болады. Адам үшін осыдан не маңыздырақ болады?  

      – Тіл – бұл ұлты қазақ еместердің барлығын қуып жіберудің себебі сияқты түсінік қазіргі таңда қалыптасып отыр. Мен Фейсбукте кейде «Қазақстан қазақтар үшін!» сияқты сөздерді көремін.

       – Бұл олай емес! Ешкім ешкімді қуып жатқан жоқ. Қазақстанда қала беріңдер. Біз үшін еліміздің әр азаматы маңызды. Мен жеке басым моноұлттық мемлекеттерге қарсымын. Осындай мемлекеттер өздерін мәдени, экономикалық, саяси және басқа қырлардан шектейді. Мен биологиялық жағынан, гендік деңгей туралы мәселені де қозғамай жатырмын. Қандардың араласуы елдің гендік кодына үнемі жақсы әсер еткен. Мен – қазақ тілін толық білетін және титулдық ұлттың, яғни қазақтардың мәдениетін және салт-дəстүрін құрметтейін көп ұлтты Қазақстанды қолдаймын.

      – Сен де адамдарды титулдық ұлтқа жəне басқаларға бөлесің бе?

      – Сөздерге ілініспе. «Титулдық» сөзді мен келесі мағынада қолдандым: осы ұлт біздің еліміздің атауын берді, осы ұлт еліміздің байырғы халқы, ол тіл, мəдениет, салт-дəстүрлер сияқты ерекше белгілердің иесі болып саналады. Осылайша, біздің еліміз көршілес Ресейден немесе Қытайдан, Моңғолиядан немесе Өзбекстаннан ерекшеленуі керек. Бұл «титулдық» ұлт сөзінің жалғыз ғана мағынасы болады. Қазақтарда одан басқа артықшылық жоқ. Осы елдің əр азаматында ұлтынан тəуелсіз бірдей құқықтар жəне міндеттер болуы керек.

      – Жалпы, менің ойымша, тілдер, ұлттар, мемлекеттер – осының барлығы біртіндеп жойылады. Адамзат жаһандандыруға бара жатыр. Жақында бір үлкен мемлекет жəне бір үлкен ұлт боламыз жəне бір тілде сөйлейтін боламыз.

      – Мүмкін. Бірақ бұл үрлдіс бірден орын алмайды. Ал қазіргі таңда барлық мемлекеттер өзінің мемлекеттілігін дамытып жатыр жəне өзінің тілдерінің қамын ойлап жатыр. Осының салдарынан қазақтардың бірінші болып халықаралық тілді қолдап, өзінің ана тілінен бас тартқанын жəне өзінің тілдік барабарлығын жоғалтқанын қаламайсың ғой. Мысалы, сен, орыс өзіңнің туған орыс тілінен бірінші болып бас тартуға жəне орыстарды осыған үндеуге шақырмайсың ғой. Ал қазақ тілі туралы сөйлесе бастасақ, онда жаһандағыш болып шығасың, жақында барлық халықтардың жəне тілдердің бірігіп қосылуы туралы айтасың.

      – Жалпы, менің ойымша Қазақстандағы тілдерге барлық айла- амалдарды болдырмау үшін орыс тілін екінші мемлекеттік тіл ретінде қабылдау керек. Сол кезде барлық мəселелер жойылады. Ешкім ешкімді қазақ тілін оқуға мəжбүрлемейді.

     – Иә, сенікі дұрыс. Егер орыс тілі мемлекеттік тіл болып қабылданса, онда қазақ тілге қажеттілік мүлдем болмай қалады. Бұл қазақ тілінің толығымен жойылуын білдіреді. Егер қазіргі күшпен біз оның деңгейін жəне қазіргі мəртебесін көтере алмасақ, онда орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдағаннан кейін, қолдағы барымыздан айырылып қаламыз. Сондықтан мен орыс тілін мелекеттік тіл ретінде қабылдануына қарсымын.

     – Сен үнемі қазақ тілі туралы уайымдайсың, ал басқа жаққа қарай ауытқуларды байқамайсың. Мен саған Конституцияға қайшы келетін, кейбір мемлекеттік органдарда орыс тілінде жазылған заттарға қазақша жауап беретіні туралы көп жаздым жəне көптеген ақиқаттарды көрсеттім. Көптеген ұйымдарда басып шығарылуларды тек қана қазақ тілінде жасайды. Көптеген мекемелердің атаулары тек қана қазақ тілінде жазылған. Бұл саған ұнайды ма, ұнамайды ма, бірақ Конституцияны ешкім болдырмады, мен азамат және мемлекеттік қызмет көрсетулерді алушы ретінде, менің орыс тілін пайдалануға құқығым бар.

     – Осы жағдайда мен сенімен келісемін. Конституцияның қазіргі редакциясы әрекет етіп жатқанға дейін, барлық мемлекеттік органдар сұрау тілінде жауап қайтару керек, яғни осы жағдайда орысша. Атаулардың және басып шығарулардың орысша мәтіні болуы керек. Егер Конституцияда ауытқулар мен бұзылулар бар болса, онда олардың жойылуын талап етуіміз керек.

     – Біздің президентіміз бәрін өз қолында ұстап жатқаны қандай жақсы. Оның кетіп қалуын, құдай сақтасын. Сол кезде барлығы құриды! Барлық түстің ұлтшылдары шығып осында екінші Украинаны құрайды. Осы сәтті қорқынышпен тосып отырмын.

     – Шовинисттердің билікке келуі – билік үшін ұсталынып жатқан және билікті ешкімге бергісі келмейтін адамдардың қиялы. Олар кез-келген тәсілмен билікті сақтағысы келеді және әр түрлі қорқақтықтарды құрастырғысы келеді, мысалы, елді құлдыратқысы келетін американдықтар, бізді жаулап алатын қытайлықтар, ұлты қазақ еместерді елден қуып жіберетін ұлтшылдар туралы және т.б. айтады. Осы ертегілердің барлығында келесі мақсат бар: азаматтарда қазіргі жағдайды өзгертпеу ықыласын тудыру, олардың биліктегі мәртебесін тұрақтандыру. Сіздің осының барлығын түсінбейтініңіз өте өкінішті, осындай насихаттық мылжың сөздерге шын ықыласымен сенесіндер «соғыс болмаса болды» деп үнемі іштерінен айта бересіндер. Ал олар осыны пайдаланып сізді қолдарында қысып ұстайды. 

      – Өзіңнің сөздерімен және әрекеттерімен сен орыстардың Қазақстандағы болашағы туралы сенімсіздігін тудырасың. Сен сияқты адамдардың кесірінен мен Қазақстаннан жаңа тілді үйретуге мәжбүрлемейтін басқа бір елге көшіп кеткім келеді.

       – Жақсы. Сен басқа елге кеттің делік. Қайда? АҚШ-қа, Германияға, Чехияға? Осы елдердің қайсысында сен олардың тілдерін білмей-ақ, өмір сүре аласың? Ешқайсысында. Саған қалай болса да, жаңа тілді оқуға тура келеді. Орыс тілді адамдар үшін жалғыз ерекшелік – бұл Ресей. Бірақ әділетті болып көрші. Егер сен орыс тілінде сөйлемесең, онда Ресейде олардың мемлекеттік тілін оқушы едің. Азаматтылық туралы не айтсам болады, Ресейде келімсек жұмыскерлер де орыс тілін білулері керек. Онда адамның құқығы қайда бұзылып жатыр: АҚШ-та, Германияда, Ресейде немесе Қазақстанда?

       Содан кейін. Сен неге мәселені тікесінен қоясың: мені қазақ тілін оқуға мәжбүрлемеңіз, әйтпесе мен шет елге кетіп қаламын? Ал сен қазақ тілін оқуды ойламап па едің? Бұл сен ойлағандай қиын емес. Бірақ сенің алдында қандай мүмкіндіктерге жол ашылатынын ойланып көрші. Бізде бір орыс мемлекеттік тілді үйреніп алса, онда оны көкке көтереді, теледидардан көрсетеді, депутаттарға сайлайды. Мемлекеттік қызмет қолжетімді болады. Басқа жаққа кетудің негіздемелері жойылатын болады. Сенің Қазақстанда өмір сүру мәселелерің толық дердік шешіледі. Тілмен және ұлтпен байланысты болатын барлық мәселелер шешіледі. Бұл қиын емес қой. Мен сенен дінді өзгертуге, өз ұлтын жасыруға, өзіңнің ана тіліңнен бас тартуға өтінбеймін ғой. Керісінше, сен тағы бір артықшылыққа – қазақ тілге ие боласың. Онда сен неге барлық күшті қарсыласуға жұмсайсың?

     – Мен қазақ тілін оқуға тырыстым. Курстарға да бардым, үйретушіні де жалдадым. Қазақ тілін оқу қолымнан келмейді! Онда ерекше дыбыстар бар, оларды бізге, орыстар генетикалық тұрғысынан айта алмаймыз.

    – Қайдағыны айтпашы. Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін және ерекше дыбыстарды айта алатын мыңдаған орыстар бар. Сонымен қатар, сенің ағылшын тілін оқығанда, оған қатысты сөгіс сөздер айтып оқығаның есімде. Сондай-ақ, сенің тіс арасындағы тілмен шығатын дыбыстарды қарғап оқығаның есімде. Қазір ше? Сен ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейсің. Сонда сенің ерекше дыбыстарды айтудың орыстар үшін қолжетімсіз деген сенімі қайда жоғалып кетті.

    – Қазақ тілін оқу мәселесі дұрыс оқулықтардың, оқу құралдарының, әдістемеліктердің, тілашарлардың жоқ болуымен сипатталады. Ағылшын тілінде сен оқу материалының көптеген түрін білесің.

    – Бұл жалған. Мен жақында әдейі ғаламторды қарап шықтым және көптеген оқулықтарды, өзіндік оқытушыларды, бағдарламаларды тіпті қазақ тілін үйрететін ойындарды тауып алдым. Мойында, сен бұл сылтауды барлығының артынан қайталап жатырсың, бірақ іздеу жолына «қазақ тілінің оқулықтары» деп жазып көрген емессің. Байқап көрші. Сен олдардың ондаған түрін тауып аласың.

    – Қазақ тілінің беделі біздің қоғамымызда өте төмен. Қалай болғанда, әсіресе менің тобымда осындай жағдай орын алып отыр. Мен оны базарда тұратын ауылдық сауатсыз адамдардан «эй», «ай» сияқты одағай сөздерді үнемі естимін. Білімі жоғары адамдардың барлығы орысша сөйлейді және Қазақстанда өзін жақсы сезінеді. Орыс тілі оларға көбірек мүмкіндік берді. Сондықтан қазақ тілді азаматтар біле тұра аутсайдерде екен. Мен не үшін олардан үлгі алып және олармен қарым-қатынас жасауға ұмтылуым керек?   

     – Мен сенің сөздеріне қорланушы едім. Алайда дұрыс пікірлі адам болған соң, ащы болса да, шындықты айтқаныңды түсінемін. Қазақ тілді азаматтар орыс тілді азаматтарға қарағанда төменірек деңгейде болмау үшін, біздің қоғамымыздағы сен айтқан теңсіздіктің болмауына мен барлық күшімді саламын. 

Comments: 0