Ешқашан ешкімнен ештеңе сұрамаңыз – тек қана ұсыныңыз.

Адамдардың бәрі – өзімшіл және тек өздерінің пайдалары туралы ойлайды.  Бұл аксиома. Осы жағдайға шыну, келіспеу, адамдарды өзгертуге тырысу құр бекер. Тек есте сақтаңыз.

Мысалы, «Мені жұмысқа алыңызшы. Мен бір жыл бойы жұмыссыз отырмын. Ақшам бітіп қалды. Пәтер үшін төлей алмаймын» делік. Бұл сіздің жеке мәселеңіз, және де ықтимал жұмыс берушіңізге мүлдем қатысы жоқ.

Мына былайша айтқан дұрысырақ: «Сіздің компанияңыздың беделі жанжалдан нашарлағаны туралы интернетте оқып едім. Осы оқиғаны қалай жөнге салуын, тіпті оны пайдаңызға қалай бұру керегін де білемін. Мен РR технологияларында кәсіпқоймын және де сіздерге пайда келтіре аламын».

Әрбір жұмыс беруші осы сөздерге жабыса кетеді.

Өйткені сіз сұрап отырған жоқсыз, нәтижесінде ол да, сіз де ұтысқа жеткізетін мәмілені ұсынып отырсыз.

Бір нәрсені әңгімелесушеден алғыңыз келсе, ылғи да оның мүддесі туралы ойлаңыз.

Comments: 0