Мен 1967 жылғы 16 қарашада Кеңес Одағының ғарыштық айлағы болған Ленинск (Байқоңыр) қаласында өмірге келдім. Ата-анам – қарапайым қызметшілер. Әкем байланыстың инженері болып жұмыс істеді, ал анам – вокзалда кассир болды.

     1975 жылдан 1985 жылға дейін № 245 орта мектепте оқыдым, жақсы бағалармен және комсомол ұйымының басшысы ретінде оны бітірдім. Балалық жастан мен белсенді, жігерлі бала болдым. Барлық қоғамдық шараларға қатыстым.

     Космодром тікелей мәскеу бағыныста болғандықтың және мұнда бүкіл Кеңес Одағының ғарыштық саласының ең таңдаулы мамандары тұрғандары мен жұмыс атқарғандары арқасында біздің мектептердегі мұғалімдер ең жоғары дәрежелі болды. Мен одан арғы дамуымның іргетасы болған жақсы бастапқы білім тек олардың арқасында алдым деп есептеймін.  

     1985 жылы, мектептен кейін, Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ) заң факультетіне түстім. Менің және барлық біздің курстың жолымыз болды.  Ол Қайта құрылыс (Перестройка) жылы болған, ЖОО-ғы барлық парақорлардың үрейі ұшып, ешқандай пара талап етпеді. Балалардың көбі өздерінің нақты білімдерінің арқасында оқуға түсті. Сондықтан біздің курстан өте көп білімді және олжалы тұлғалар шықты.

     Бірінші курсты аяқтағаннан кейін мен, барлық менің курстастарым сияқты, әскерге аттандым және «730 күн етік киіп» (1986-1988 жылдары) әскери борышымды адал өтедім. Нижний Новгород (Ресей) жанындағы байланыс әскерінде қызмет еттім. Онда да белсенділік көрсеттім, аға сержантқа дейін қызмет еттім.  

     Студент бола тұра, Қайта құрылыс (Перестройка) және ашылмалы мүмкіндіктермен шабыттанып, біз достарымлармен бірінші жеке меншік «Барикон» компаниясын ұйымдастырдық. Саудамен айналыстық, Ресейден және шетелден тауарлар әкелдік, Алматыда алғашқы аукционды ұйымдастырдық.   Көп жағынан біз алғашқы қатарда болдық. Дәл сол кезде біз өзіміздің бастапқы капиталымызды таптық, өзімізге пәтерлерді, көліктерді және тағы басқаны сатып алдық.

     Сол кезеңде мен Қазақ Басқару академиясына түстім және екінші жоғары – экономикалық – білім алдым.

     1999 жылға дейін біздің «Барикон» компаниясын басқардым. Одан кейін менің достарым, бизнес бойынша қызметтестерім, мені мемлекеттік қызметке шақырды (ол кезде кадрларды таңдау бойынша қазіргі жүйе әлі қалыптаспаған, сондықтан мемлекеттік қызметке жай әншейін сырттан да тұруға болатын). Мен өзімнің отаншылдық сезімдерімді көрсеткім келді және өзімнің өмірімнің бір бөлігін Отанымға қызмет етуге арнауды шештім (қаншама шаттанып шықпаса да).

     1999 жылы мен Қостанай мемлекеттік мүліктің және жекешелендіру аумақтық комитетінің Төрағасының орынбасарының қызметін атқаруға кірістім. Содан кейін оның төрағасы болып тағайындалдым, әрі қарай Қостанай мемлекеттік мүліктің және мемлекеттік сатып алудың облыстық департаментінде түрлендірдім. Бұл мекемеде біз ол сәтте тым аз қалған мемлекеттік мүлікті жекешелендірумен айналыстық. Жекешелендірудің бірінші кезеңі одан бұрын өтіп кеткен. Капитализм елімізде нық басқан кезі.

     2004 жылы мен Астанаға көштім және астананың әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалдым. Өмірімнің осы кезеңін мен ең қиын, күйзелісті, сонымен қатар ең қызықты және белсенді деп еске сақтадым. Мен жер қарым-қатынастардың, көлік жүйенің, сыртқы рәсімдеудің сұрақтарды, сонымен қатар (ойламаған жерде) мәдениеттің сұрақтарын жетекшілік еттім. Астанада біздің командамыз алғашқы болып бос жерлерді үйлестірудің аукциондық әдісін енгізгенге мақтанамын. Одан кейін осы қағидаттар Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне енгізілді және бүкіл елге таралды.    

     2006 жылы мен уақытша мемлекеттік қызметтен кетіп қалдым да, тағы бизнеспен шұғылдандым. Сол кезеңде Қазақстанның қор нарығы тез дамыды   (дәл қазіргідей ықшамдалған түрде), сондықтан мен өзімнің командаммен осы бағытқа қосылып кеттім. Біз активтерді басқару бойынша компанияны ұйымдастырдық та, өзімізді осы бағытта сынап көрдік.

     2007 жылы мені қайтадан мемлекетке қызмет етуге шақырды. Бұл жолы біздің экономикада жаңа құрылымдарды – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру үшін. Біз іске жігермен кірістік, ал 2007 жылдың қазанында Қостанай облысында «Тобол» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ тіркелгеннен кейін мен сонда тағы көштім. Корпорацияның мақсаты аумаққа инвестицияларды тарту және мемлекеттік активтерді барынша тиімді пайдалану болып табылды. Меніңше, Қостанай облысының игілігіне осы күнге дейін табысты қызмет атқарып жүрген жақсы команданы құрастырған сияқтымын.

     2010 жылы мен тағы тайм-аут алдым да, бизнеске қайта оралдым. Ол кезеңде менің қызметімнің негізгі түрі болып Астана қаласындағы жылжымайтын мүлікпен операциялар болып табылды.  

     2011 жылы Отан мені мемлекеттік шенеунектердің қатарына тағы шақырды.  Мен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының вице-министрі болып тағайындалдым. Мен үшін біраз күтпеген жерден ұсыныс болды, дегенмен қызметтің жаңа бағыты мені қызықтырды. Маған еліміздің аграрлық секторында нарықтық қарым-қатынастарды дамыту мақсаты қойылды. Ауыл – бизнестің қызметінің ең кертартпа аясы екені жұртқа мәлім, сондықтан оңай болған жоқ, бірақ мен қойылған мақсатқа жету үшін бәр күшімді салдым.  

     2013 жылы елдің аграрлық саласы үшін қолымнан келгеннің барлығын істегенімді және жаңашалықты енгізгенімді ұқтым. Одан кейін мені қызықтырмайтын жалықтыратын жұмыс басталып кетті. Мен мемлекеттік қызметтен кетуді шештім.

     2013 жылдың желтоқсанынан бастап өзімнің бизнесіммен әрекеттеніп жүрмін. Өзіміздің шағын командамызбен жаңа ойларымызды түрлендіреміз және оларды іске асырамыз. Көбінесе ол ІТ саладағы жобалар. Өзіме қызықты және рақат әкелетінмен шұғылданамын. Бұны үлкен бақыт деп санаймын.  

     Бұдан басқа мен әлеуметтік өмірде бұрыңғыша белсенді адам болып қалдым. Мені біздің қоғамымыздың көп сұрақтары қатты толғантады: адамгершілік, руханият, жауапкершілік. Мен біздің қоғамымызды ілгершілдеу, еріктіктеу, өркендеген ғылып жасауға тырысамын. Сондықтан әлеуметтік желілерде, БАҚ-да пікірлермен бөлісемін. Ол пайда келтіретіне сенімдімін.   

Comments: 0