Шет аймақта тұратын менің бір таныстарым бар. Өздерінің шағын бизнестері бар, кедей емес. Жақында олардың баласына республикалық клиникада емделу қажет болып қалды. Осы сырқат бойынша аурулар үлес деп аталатынға кіреді, яғни мемлекет есебінен тегін емделуге болады. Бұл үшін облыстық денсаулық басқармасында жолдама алу қажет. Таяуда оларды Астанада көрдім. Баласын клиникаға әкеліпті. Емделу қалай, үлес бойынша келдіңіздер ме деп сұрадым. Жоқ, дейді, емдеуді өзіміз төледік. «Неге?», – деп сүрадым. Сол жолдама үшін облыстық денсаулық сақтау бөліміне бардық, онда не болып жатқанын көрдік, тілеушілер қанша екендерін, бастысы, сол тілеушілердің арасында ауыр сырқаттар мен ауқаттары төмендер қанша екендерін көріп, тегін жолдамадан бас тартуды шештік, дейді. Өздерінің есебінен келіпті. Осы үлес кімге ол аса қажетті мен кім оны төлей алмайтындарға бұйырсын деді. Бізде, Аллаға шүкір, мүмкіндігіміз бар. 

Ал мен сол сәтте басқа таныстарымды еске түсірдім. Ауқатты адамдар, тіпті байлау да болар. Бірнеше жыл бұрын «Болашақ» бағдарламасы бойынша өздерінің ұлын Англияға оқуға жіберді. Сонда мен олардан «Болашақ» сендерге не керек деп сұрағанмын. Өз есептерінен жіберіп, ешкімге де тәуелді болмаушы едіңдер ғой. Олар маған аң-таң қарап, айтты: «Егер тегін мемлекеттің есебінен жіберуге болса, неліктен болмасқа?». «Сендердің кесерлеріңнен ауылдағы бір зерек жігітіне шәкіртақы жетпей қалады ғой. Ал оның осы мемлекеттік шәкіртақыдан басқа мүмкіндігі жоқ қой»,- деп айттым. Бірақ олар мені түсінбеді. 

Қандай әртүрлі адамдар, әртүрлі пәлсапалар мен өмірлік жайғасымдар. 

Comments: 0