Сеулда мемлекет президенті Пак Кын Хе ханымның импичментіне байланысты орын алған жаппай тәртіпсіздіктің еріксіз куәгері болдым.

          Бір маңызды затты байқадым. Шерушілердің полиция қызметкерлерімен ұрыс-керісі кезінде полицейлік киім киген көптеген адамдар әр жанжалды, әр қақтығысты камераға түсіріп отырды. Осыны көру мен үшін үйреншікті емес болды. Негізі біздің полиция қызметкерлеріміз камералардан, жалпы әшкерелеуден өлердей қорқады. Өз қызметін атқару кезінде оларды камераға түсіретін кез-келген адамға ашуланып жұдырықтармен шап ете түседі. Олар жұмысын атқарып жатқан журналисттің өзіне де солай жасай алады. 

          Сол кезде мен ойланып қалдым. Неге олардың полиция қызметкерлерінің көзқарасы біздікілерден өзгеше болып келеді? Келесіден себебін таптым. Олардың полиция қызметкерлері өз парызын адал орындайды. Олар тек қана басқыншылық мақсатпен ниеттелген, яғни тас лақтыратын, полиция қызметкерлерін таяқпен ұратын, автомобильдерді аударып тастайтын шерушілерді тұтқындайды. Олар мемлекет халқын бұзақылардан қорғайды. Сондықтан олардың жұмысы заңды, ашық және ұятты емес. Полиция қызметкерлері камералардан жасырынбайды, керісінше өзінің әрекеттерінің заңды екендігі туралы дәлелдердің болғанын қалайды, сондықтан түсірілімге бірнеше әріптестерін арнайы жұмсайды.   

           Бізде барлығы да басқаша. Митингте болатын полиция қызметкерлері өзерінің әрекеттерін заңға қайшы немесе адамгершілікке жат екенін түсінетін сияқты. Сондықтан олар митингтерді тарқатқанда, транспаранттармен қорғансыз әйелдерді ұстап алады, қарусыз адамдарды таяқтармен ұрады, өздерін түсіруге рұқсат бермейді. Өздері бірденеден ұялатын немесе қорқатын сияқты. Онда олардың камера алдында үрейлі қорқынышын басқаша қалай түсіндіруге болады? Мүмкін бұл оларға қатысты болатын алдағы соттарда осындай бұлтартпайтын дәлелдер алдындағы қорқынышын білдіретін шығар?

Comments: 0