Сонымен Ресей ұлттық құрамасын Кореядағы қысқы олимпиадаға қатыстырмауының нақты себебі неде?

        «Гардиан» газетінде  Әлемдік допингке қарсы комиссия (WADA) басшысы Макларен мырзаның Ресейдегі допинг қолдану және жасыру фактілері туралы баяндамасы жарияланды.

        Бұл баяндамада ресейлік спорт министрлігі 2010 жылғы Ванкувер қысқы ойындарындағы сәтсіздіктен соң «жойылатын позитивті методолигия» жоспарын енгізу және қолға алу туралы шешім қабылдағаны айтылады.

        2011 жылдың соңынан бастап мәскеулік зертханада табылған допинг бойынша барлық оң нәтижелер спорт министрі орынбасарының бұйрығымен WADA-дан жасырылып, нәтижелер теріске шығарылып отырды.

        Григорий Родченко мәскеулік лабороторияның директоры болып тағайындалған соң, препараттар ізін жақсы жасыратын стероидтық коктейльді ойлап тапты. Коктейль стериодтарды алкогольді ішімдіктермен (Chivas ерлер үшін және Vermuth әйелдер үшін) ерітуге негізделді. Спортшылар ішімдікпен ауыздарын шайып, түкіріп тастағанша, стериодтар ауыздың сілекей қабаты арқылы ағзаға еніп үлгеретін. Коктейльге «Герцогиня» деген ат қойылды.

        Шетелдік мамандар қадағалайтын, болғандықтан жоғарыдағы айланы халықаралық жарыстарда пайдалану қиынға соқты. Сондықтан ФСБ (бұрынғы КГБ) 2013 жылы Мәскеудегі жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты мен 2014 жылы Сочидегі олимпиада ойындарында бұл айланы қолданудың жаңа жолдарын ойлап тапты. Ресейлік спортшылардың «таза» сынақтары алдын-ала даярланып, Ирина Радионова (Спорттық даярлау орталығының орынбасары) оларды мұздатқыш камераларда сақтады. Жарыс барысында сынақтар допингке қарсы зертханамен іргелес бөлмеге жеткізіліп отырды. Зертхананың ресейлік қызметкері жаңа сынақты арнайы саңылау арқылы ФСБ қызметкерлеріне беріп жіберетін. Көрші болмеде түтіктегі сынақтарды ФСБ мен ресейлік допингке қарсы агенттіктің қызметкерлері мұздатылған ескі сынаққа алмастыратын. Григорий Родченков барлық былықты WADA қызметкерлеріне ашып берді. Көптеген ресейліктер оны кейін «сатқын» деп атады.

        Маклареннің айтуынша қулықтың жайылып кеткені соншалық, Ресей спорт министрлігінде 577 спортшының «таза» сынақтары дайындалып қойған, оның ішінде 139 жеңіл атлет, 100 ауыр атлет пен 40 параолимпиадашылар бар.

Comments: 0