Менің байқауымша, Ресей мен Украина арасындағы шиеленісте орыс қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейді жақтайды. Бұған біраз себептер бар. Еліміздегі орыстардың Ресеймен этникалық жақындығы бар. Көпшілігі өздерін алдымен орыс, содан кейін ғана қазақстандық санайды. Қазақстанда Украина телеарналары жоқ. Ал қаптаған ресейлік арналардағы жан-жақты үгіт-насихатты ескерсек, ақпарат кеңістігінің де зор ықпалын айта кету керек. Ресей арналары украиндықтарды жергілікті орыстарға күн көрсетпей тұрған ұлтшыл-бендершілер кейпінде көрсетуде. Еліміздегі орыстарда Қазақстанда да осындай жағдай болуы мүмкін деген жасырын қорқыныш бар сияқты. БАҚ Ресейді орыс әлемін қорғаушы держава қылып көрсетіп жатқандықтан, оларды Ресейге жақындата түседі.

          Бұл жақындық орыстардың жанында бұрын да болды, бірақ қазір ресей-украиндық шиеленіске орай тіпті еселене түсті. Әлеуметтік желідегі дөрекі пікірлер мен көліктердегі ресейлік тулар, бәрі осыдан шығады.  

          Бұл жағдайда Қазақстанда тұратын басқа ұлттар: қазақтар, украиндар, татарлар және т.б. не істей алады?

          Ресейшіл екпіннің кең тарауы кейбіреулердің ызасына тиіп, сатқындар туралы айта бастауына негіз болып тұр. Бұл қауіпті үрдіс қақтығыстарға дейін жетіп (бәрі көліктегі георгий ленталарын шешуге мәжбүрлеуден басталып), саяси шиеленіс тудыруы мүмкін.

          Менің ұстанымым, біз күштеп ешкімді көндірмеуіміз керек. Барлығын керісінше жасауымыз қажет. Орыстар өз Отандарын – Қазақстанды шын сүйетіндей жағдай жасауымыз керек. Олар Ресейдегі туыстарына былай мақатансын: «Сендерде Ресейде қалай екенін білмеймін, Қазақстанда бәрі жақсы! Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз».

          Қазақстанның орыс азаматтары елін мақтан етсін десек, олардың тұрмысы Ресейдегі туыстарынан әлдеқайда жақсы болуы тиіс. Бұл үшін экономикалық көрсеткіштермен қатар Қазақстан демократиялық институттарды, биліктің жауапкершілігін, сот жүйесін дамытып, парақорлықты азайту керек.

          Кетуге асыққан орыс азаматтарын елде қалдыруға тырысу Қазақстан үшін қажет пе?

          Меніңше, қажет.

          Қазақстан үшін әр азаматтың орыны бөлек. Ұлтымызға қарамастан бір-бірімізге қамқор болу керекпіз. Германияға немістің кетуін, орыстың Ресейге көшуін қазақтың Моңғолия немесе Қытайға қоныс аударуындай ауыр қабылдау керек. Жабық, ұлтшыл, моноэтностік мемлекетке қарағанда көп ұлтты, ашық, демократиялық мемлекет тұрмыс пен инвестицияларға тартымды болып, дамыған елдер қатарында болады.

Comments: 0