Ресейлік-түрік қарым-қатынастардың шиеленісуіне байланысты қазақстандық қоғам үш лагерьге бөлініп кетті: Ресей үшін, Түркия үшін, ешкім үшін емес.

Өзімнің көзқарасымды түсіндіруге тырысып көрейін.

Ресей үшін болуға бізде қандай себептер бар?

1. Өйткені Ресей біздің бұрыңғы уақыттан бергі одақтасымыз және серіктесіміз болғандықтан ба, бұрыңғы одақтық республика екендіктен бе, біздің тарихымыз ортақ, бізде діл ұқсас болғандықтан ба?

Себептер өте орынды, бірақ соңғы жылдары Ресейдің басшылығы бұрыңғы одақтық республикаларына қырын қабақтық, ал кей кездерде тіпті басқыншылық көрсетіп те жүр. Ол Молдовада (Приднестровье), Грузияда (Оңтүстік Осетия), Украинада (Қырым) тартысты жағдаяттарды туғызған. Осы жағдайда көптеген бұрыңғы одақтық республикаларында ресейге қарсы көңіл күйдің өсуінің мүлде таңдататыны жоқ. «Ресейлік бауырларымыз үшін!»  деген ұран қазақстандық ортада кең қолдау табады деп ойламаймын.

2. Өйткені біз Ресеймен ҰҚКҰ, ШЫҰ, ЕАЭО одақтарында мүше болғанығымыздан ба?

Иә. Одақтар оның мүшелерін өзара жәрдемдесуді міндеттейді. Бірақ одақтар – бұл ылғи да өзара міндеттемелер. Егер одақтың мүшелері бір-бірін тең деп санаса, шешімдерді бірлесіп қабылдану қажет. Сонда осындай шешімдердің салдары үшін жауапкершілік те, әрине, барлық мүшелеріне жүктеледі. Ал одақтың бір мүшесі жеке өзі ғана, тіпті одақтың атынан да емес, өз атынан кейбір шешімді қабылдап, қақтығысқа кірісіп кетсе, құқық пен қисынның қағидалары бойынша одақтың қалған мүшелеріне бұл үшін жауапершілік жүктелмейді. Біздің жағдайда Ресейге ешкім шабуыл жасаған жоқ. Ол өзі украиндық қақтығысқа қатыса кетті. Ол өзі Сирияда ИЛИМ-ді бомбылауға шешім қабылдады және оған қоса түрік шекарасын бұзып өтті.    Осы жағдайда Қазақстан Ресейдің істеріне жауапты ма? Менің ойымша, жоқ. Оған қоса, менің ойымша, Қазақстанның одақтасты ол өздігінен шешім қабылдап, Қазақстанға тікелей кесерін тигізетін әрекеттер жасағаны үшін мінеп-сынауға да құқығы бар. Еуропалық тауарлардың импортына тыйым салу туралы хабарлама сияқты. 

3. Өйткені Ресей – әлемдік басым еліне – АҚШ-на қарсы шыққан аз елдердің біреуі болғандықтан ба?

Осындай дәлел Қазақстанның белгілі шеңберінде танымал, әсіресе «қос полярлық әлем» идеясын қолдайтындардың арасында. Кейбір жағынан мен де осы идеямен келісемін. Бірақ менің ескертпем, әлемдік топбасшысына күштің екінші полюсы қарсы тұру керек, бірақ ол өркениетті күш болу қажеттілігінде тұр. Ресей мен Қытай болмаса, сенімдімін, Еуропа осындай күш болар еді. Және де ол халықаралық құқық аясында, наразылық нотасымен және «саудалық соғыстармен» шектеліп, АҚШ-на өркениеттілікпен қарсы шығатын еді. Ешқандай әскери қақтығыстармен емес. Ал Ресейді қазіргі уақытта, менің ойымша, өркениетті күш деп айтуға болмас.  

4. Өйткені Ресей әлсірегеннен кейін АҚШ пен Қытай Қазақстанды құлдықта салатыннан ба?

Бұл тезис қаншалықты күлкілі естілсе де, Қазақстанда оған табунышылары да бар. Менің ойымша, көбінесе бұл ресейлік насихатқа ілігіп кеткен адамдар сияқты. Ақиқатында, әрине, бұл Қазақстанды АҚШ пен Қытайға қарсы қойып, солтүстік көршісінен қамқоршылық іздеуге мәжбүрлеу үшін жалған итерме ғана.    

Ал енді Түркия үшін болуға бізде қандай себептер бар екенін қарастырайық.

1. Өйткені Түркия, Қазақстан сияқты, түркі тілдес ел болғандықтан ба?

Менің ойымша, тым әлсіз дәлел. Бір лингвистикалық топтың тілдерін игеру елдердің саяси және экономикалық мүдделерінде ешқандай әсер бермейді. Мысалы, Ресей мен Украина өте ұқсас тілдерде сөйлейді, бірақ бұл оларға жанжалға килігуге мүлде кедергі жасамады ғой. 

2. Өйткені Түркия мұсылман елі болғандықтан ба?

Мен үшін, атеист ретінде, бұл дәлел бола алмайды. Және де тек қана мен үшін емес. Қазақстан – мұсылмандық емес, зайырлы ел. Менің ойымша, бір елдің азаматтарының көбінің діншілдік нанымдары басқа елдің көптеген азаматтарының діншілдік нанымдарымен ұқсастығы осы елдердің арасындағы саясатқа мәжбүр етпеу керек қой. Сонымен қатар бұл зайырлы мемлекеттер болса. 

3. Өйткені Түркия өктемшіл Путинге қарсы болғандықтан ба?

Шыныменен, қазір көптеген қазақстандықтар үшін бұл салмақты дәлел болып тұр. Бірақ-та Түркияның топбасшысы Эрдоганды да демократиялық және ілгерілшіл көшбасшы деп атаудың өзі қиынға түседі. Ең дұрысы, тіпті керісінше шығар. Жітікке саяқ, дегендей. Сондықтан мен Түркия мен Ресейдің қазіргі қарсылықтарын демократия мен диктатураның қарсылығына айналдырмаушы едім.

4. Өйткені Түркия бірінші болып Қазақстанның тәуелсіздігін қабылдағаннан кейін бе және біздің бұрыңғы серіктесіміз болғандықтан ба?

Бұл дерек, сөзсіз, біздің екі еліміз үшін есте қаларлық және де қарым-қатынастарымызға жылы шырайлылық беріп тұрады. Бірақ ол нақты қазіргі жағдайда салмақты дәлел деп ойламаймын, өйткені біздің Ресеймен бұрыңғыдан келе жатқан серіктестік қарым-қатынастардан басым бола алмайды.

Сонымен мен қандай нәтижеге келіп отырмын?

Қазақстан не бірінші, не екінші тараптың жағында болмау қажет. Біз  бейтараптық сақтау керекпіз.

Бірақ сонымен қатар біз жасырынбақ ойнамаумыз керек. Біздің анық ұстанымыз болу қажет.

Мен оны келесідей деп айтар едім:

«Біз біріккен күштердің Сирия мен Ирактағы лаңкестікке қарсы операциясын қолдаймыз. Біріккен одаққа НАТО да, Ресей де кіру қажет. 

Одақ бомбылауды Асадқа да қарсы емес, көтерілісшілерге де қарсы емес, тек қана ИЛИМ-ге қарсы қолдану қажет.

Егер де бірлескен операциялар кезінде одақтастардың әуе кеңестігі байқаусыз бұзылып кетсе, бұл ұшақтарды жоюға себеп болмау қажет.  

Бірақ егер елдердің біреуі оның шекарасын бөтен ұшақтар бұзғанына қарсы шықса, басқа елдердің біреуі де, онымен әрекеттестік туралы уәделескенше, оның шекарасын бұзбау қажет».

Барлық мүдделі талаптар бірден біздің ұсыныстарымызды қолданады деп айта алмаймын. Бірақ бізде өзіміздің ұстанымымыз болу қажет және әр кезде біз оны айтып отырыуымыз керек деп санаймын.  

P.S. Мен ұсынып отырған қағидаларға сүйеніп, атып түсірілген ресейлік ұшақпен болған мәселе тек қана келесідей шешілуі мүмкін: Түркияның әрекеттері заңды деп қабылдану қажет, бірақ НАТО мен Ресейдің күштері арасындағы одан арғы шиеленістік ірі қақтығысқа апарып соғуы мүмкіндігін дәлелдеу керек, сондықтан екі тарап та келісім үстелінің басына отырып, Сирия мен Ирактағы ортақ жауы – ИЛИМ-ге қарсы бірлескен әрекеттері жайында келісулері қажет.

Comments: 0