Астана әкімінің орынбасары және вице-министр болып қызмет атқарған кезімде демалыс күндері отбасымен қалаға шыққан кезде кейбір өткен-кеткендер мені танып, таң қалып қарағандары есіме түсті. Оларды «осындай адамдар күзетсіз» жүргендері өте таңдандыратын! )))

Ал маған ылғи да мінез-құлықтың демократиялық стилі қадір тұтқызатын, мысалы, ФРГ Канцлері Ангела Меркель жұмыстан шыққаннан кейін көшеде тоқтап, қазақстандық туристтермен әңгімелесуі мүмкін (шынайы дерек) немесе Лондонның мэрі жұмысқа велосипедпен барғаны.   

Және де, керісінше, біздің кейбір басшыларымыз жұмысқа бара жатқанда полицейлер қозғалысты толық тоқтатып тастағаны немесе осы «ағатайлар» түскі ас ішуге барғанда мейрамғана толық жабылып тасталытыны маған мүлдем ұнамайды.

Қашан біз осындайдан құтыламыз?

Алайда мүмкін, біз, азаматтар, өзіміз де кінәлі шығармыз. Әйгілі адамды қарапайым жағдайда қабылдау мәдениеті бізде әлі мүлдем жоқ. Біз міндетті түрде әдейлеп мұқият қарап шығамыз, қол беріп амандасуға тырысамыз, әлдеқандай сұрақ қоямыз. 

Бәлкім, сондықтан олар бізден тығылатын шығар? )))

Менің қарапайым азаматтарға деген бір өтінішім бар. Сауда орталығында немесе кинотеатрда министрді әлде әкімді көргендеріңізде, өтінемін, көздерінің шарасынан шығып кетпесін және саусақтарыңызмен оны түртпеңіздерші, «Сүттің сауымын қашан жоғарлатасыздар?» әлде «Девальвация болады ма жоқ па?» сияқты кәсіби сұрақтар қоймаңыздаршы. Өзінің отбасымен және достарымен қатынаспен рақаттануға мүмкіндік беріңіздерші. Оларға да айналаға сіңіп, өзін қарапайым азамат ретінде сезінуге мүмкіндік беріңіздерші.  Қарап отырсаң, олар күзетшілерінің және қошеметшілердің артында жасырынуды қойып, бәлкім, халыққа жақындайтын шығар)))

Comments: 0