Адамдардың көбі сынды ауыртпаушылықпен қабылдайды. Олар ренжіп қалады, сынаушының беделіне күдіктенеді, оның кемшіліктерін іздейді, кек алады.  

Осындай әңгімелерді жиі естуге болады:

– Менің ойымша, сіз өзіңіздің болжамыңызда қателескен сияқтысыз.

– Сіз экономикада не түсінесіз екен, а?! Одан да өзіңіздің қойларыңызбен айналыса беріңіз! 

– Маған сіздің жобаңыз ұнамайды. 

– Ал сіз өміріңізде бірдеме істеп көрдіңіз бе? Алдымен істеңіз, ал одан кейін сынға кірісіңіз!

– Менің ойымша, бұл көйлек саған жараспайтын сияқты.

-Өзіңе қарап ал! Сиырша жасанып киініп алыпсың ғой! Сонымен қоймай, мені үйреткенін қарасаңшы! 

Мен сынауды игілікпен, абыроймен, тіпті ризашылықпен қабылдайтын адамдарды кездестіргенде бұрмалаусыз, балаша, қуанамын. 

Олар өздерін сынаушыларды балағаттамайды, олардың айтқан сөздерін кеміту деп қабылдамайды, өздері үшін пайдалысын тауып, ғибрат алуға тырысады.

Бұл үшін, әрине, рухы мықты болу қажет. Өзіне-өзі сенімді болу керек. Сынауды үкім ретінде емес, тек қана өзін-өзі кемелдендіру жолындағы берілген ақыл деп қабылдау қажет. 

Comments: 0