Біздің қоғамда мұсылмандар мен басқа азаматтар арасында салқындықтың бары өкінішті.

     Көпшілік мұсылмандарды дұғаларын кібірлеуден шаршамайтын тұйық адамдар деп қабылдайды. Әдетте олар ұзын сақалды, шолақ балақты болады немесе қара паранджа киіп жүреді.

     Мұсылмандардың бұл бейнесі олардың айналадағылармен қарым-қатынасын қиындатады. Бұл жағдай қоғамдағы төзімділікке де кері әсер етеді.

     Мен, атеист болсам да, дінге қатысты көзқарастары әр түрлі адамдар арасында сыйластықтың болғанын қалаймын. . Мұсылмандар, христиандар, буддисттер және атеисттер тату болғанын армандаймын.

     Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады?

     Мысалы, мен айналадағылардың пікірін түсіндіру арқылы өзгертуге тырысамын.

     Ал жақында басқаша әрекет етіп жүрген бойжеткенді кездестердім. Ол қоғамда қалыптасқан мұсылмандар бейнесін түбегейлі өзгертуге бел буған.

     Бірде ол мына сұрақтарға жауап іздей бастапты: «Неге мұсылман әйелдері төмен қарап жүру  керек? Неге олар көңілді, жадырап жүрмейді? Неге олар ардайым сүреңсіз  хиджаб немесе қара паранджа киіп жүру керек? Неге олар дін талабын сақтай отырып, әдемі, жарқын, нәзік киімдер кимейді?».

     Осылай ол мұсылман әйелдерге арналған заманауи, түстері ашық, ыңғайлы киім тігу туралы ойлана бастайды.

     Ол кретивті дизайн жасауға, сапалы мата таңдауға, тиімді өндіріс орынын табуға біраз уақытын жұмсады. Енді Қазақстанда заманауи мұсылман киімі пайда болды.

     Таныс болыңыздар: Анель Битебаева және оның «by Azali» бренді.

     Тапсырысты мына Инстаграм парақшасында беруге болады: byazali.kz.

     Әдемі киінген мұсылман әйелдері қоғамның оларға және Исламға деген көзқарасын өзгертеді деп үміттенем.

     Ислам – сүреңсіз дін емес!

Comments: 0