Неге өктемшіл көшбасшының айналасы уақыт өте келе жағымпаздарға және жантық адамдарға айналады? Неге бұл үрдіс геометриялық прогрессияда дамып жатыр?

     Барлығы оп-оңай.

     Өктемшілік қоғамда мемлекет басшысы биліктің негізгі көзі болып саналады. Халық емес, ол болады. Ол келесі барлық игіліктерді бөледі: жоғары мемлекеттік лауазымдар, ұлттық компаниялардағы қаржылық ағымдар, мелекеттегі табиғи ресурстар. Сондықтан қоғамдағы жоғарғы жағдайға жетудің және баюдың жалғыс амалы – басты адамның ықыласына ие болу. Бір адамға ұнау керек болғандықтан, алайда ұнағысы келетіндердің және барлық өмірлік игіліктерді алғысы келетіндердің саны көп болғандықтан, арада бәсекелестік туындайды. 

      Басында көшбасшының айналасындағы барлық адамдар және осы шеңберге кіргісі келетін адамдар сыпайы және әдепті болады, этикетті сақтайды, демократия және теңдік туралы сөз қозғайды. Содан кейін бір уақытта дерлік, өзара келіспей-ақ, олардың барлығы көшбасшыға жақын болуға, көзге түсуге, өзін еске салуға тырысады. Ал оның жанындағы орын барлығына жетпейтіндіктен, кейіннен олар өзара итерелісіп, тістесіп, бір-біріне ор қазады. Кейде жасырын, кейде ашық әрекет ете бастайды. Егер көшбасшы оларды жөніне салмай, оған осындай табынудың ұнайтынын көрсететін болса, онда бәйге күшейе түседі.            Адамдар әдептілік шектерінен шыға бастайды. Көшбасшыға деген махаббатын елге ашық көрсетеде бастайды, оған (Туған жерге емес) адал болуға ант етеді, оның есімін қалалардың, әуежайлардың, ЖОО-дың, мектептердің атауларында мәңгі есте сақтауды ұсынады, көшбасшыға жағу үшін мемлекеттің        Конституциясына түзетулер енгізеді.                  Адалдықтың осындай көрсетулері қалыпты жағдай болып қалыптасқан кезде, ал бәсекелестік артып жатқанда адамдар бір-бірін жоюға кіріседі. Олар көршілерге, жолдастарға, әріптестерге иесі белгісіз хаттарды жаза бастайды. Көшбасшыға адалдық көрсетпеудің кез-келген әрекеті мелекеттік опасыздық дәрежесіне көтеріледі. Өзгеше ойды ұстанушылар түрмелерге түседі. Содан кейін оларға орын жетіспей жатады және мемлекетте лагерлер салына бастайды. Оған «Елдің сатқындары» ғана емес, олардың әйелдері мен балалары да жіберіледі.                         

       Мемлекетте қорқыныш пен табынушылық атмосферасы орнайды. 

       Бәсекелестік – кез-келген мәселедегі үрдістің қозғалтқышы.

       Егер демократиялық мемлекеттерде идеология, партия, көшбасшылардың бәсекелестігі барлық халықтың ықыласына ие болуға бағытталған болса, онда авторитарлық мемлекеттерде бәсекелестік бір адамның ықыласына ие болуға бағытталған.

Comments: 0