Все статьи с тегом "#жемқорлық"

Журналистік бопсагерлік.

      Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істегенімде журналистік бопсагерлік деген құбылыспен кездескенім әлі есімде.

      Ол былай болған. Облыс әкіміне бір республикалық телеарнаның немесе газеттің өкілі келіп, келесіні айтады: «Біздің арнамызға демеушілік көмек көрсетіңіз немесе жергілікті ірі компанияның біреуіне міндет артыңызшы. Ол сіздің сөзіңізді жерге тастамас. Сонда біз сізбен достасамыз. Бүкіл елге сіз қандай дарындылықпен аймақты басқарғаныңыз …

Read more
Comments: 0

Шенеунік дос

– Ал, бауырым, тағайындалуыңмен құттықтаймын! Жарайсың! Бүкіл біздің курсымыз сен үшін өте қуанышты және мақтан тұтады! Әкімнің орынбасары – ол саған оп-оңай емес қой! 

– Көп рақмет.

– Сені көп бөгемеймін. Сен енді жұмысбасты адамсың ғой. Ал мен неге келді дейсің ғой? Бұнда ашпаған есігім қалмады. Әкімдіктің бірде-бір конкурсында жеңе алмадым. Міне, енді сен осында келіп қалдың. Енді істің сәті …

Read more
Comments: 0

Бизнесмен дос

– Ал, құттықтауларды қабылдаймын. Бүгіннен бастап мен – әкімнің орынбасарымын. 

– Құттықтаймын, достым! Сен үшін қуаныштымын!

– Рақмет. Ал, кәне, қандай ойларың бар? Не істейміз?    

– Не туралы айтып тұрсың?

– Әй, сенде жиһаз цехы бар ғой. Қазір бір конкурсты қамдап жібереміз. Әкімдікке, басқармаларға да жиһаздарын ауыстыру қажет шығар. Одан соң мектептерге де жетерміз.  

– Ол қалайша сонда? Ал …

Read more
Comments: 0

Болашақ эмигрантпен болған әңгіме

           – Ақыры кететін болдым де?

           – Иә, кететін болдым. Нақты шештім.

           – Ол жақта жақсы болады деп ойлайсың ба?

           – Оңай болмайды әрине. Бірақ үмітсіз-шайтан.

           – Елде неге қала бермейсің? Ешкім қуып жатқан жоқ қой? …

Read more
Comments: 0

Жеке меншік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық

Міне біз шенеуніктерге шағымданамыз, оларды сыбайлас жемқорлықта кінәлаймыз, ал олар – барлық біздің қоғамымыздың нақты бейнесі ғой.

Жақында бір бизнес-орталықтың басқарушысымен сөйлескенмін.  Олардың ортасында сыбайлас жеморлық мемлекеттік органдардан да осал емес деп айтты. Жалға алушылар бизнес-орталығына кеңсені жалға алу бойынша келісімдерге келгенде басқарушыға дәл сол сәтте «әділ жалгерлік ақы» үшін пара ұсынады екен. Сонымен қатар, хабарлама бойынша мердігерлер немесе жеткізушілер …

Read more
Comments: 0

Мемлекеттік қызметтегі үзілістер

Әр шенеунік мемлкеттік қызметтен мезгіл-мезгілмен кетіп отыру қажет деп ойлаймын.

Біріншіден, шенеуніктік төрешілдіктің ғажабын өз басынан кешіріп көрсін.

Ал екіншіден, өзіне қандай болмасын капиталды табу және одан кейін арам ниетсіз мемлекетке қызмет ету үшін.   

«Ашыққан» шенеунік – ол қоғамға деген қауіп-қатер.…

Read more
Comments: 0

Шенеуніктің жеке меншік компанияға көмегі

Егер шенеунік жеке меншік компанияларға заң шеңберінде және ақысыз көмек көрсетсе, бұл дұрыс. Егер де ол бір жеке алынған фирма үшін тиістіден тыс бірдеңе істесе, ақысыз болса да, ол дұрыс болмайды.

Мысалы, мен мемлекеттік қызметте болғанымда, таныстар маған жиі мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіп шығуға көмек көрсету туралы сұраулармен жүгінетін. Мен оны дәл сол сәтте қабыл алмайтынмын және тіпті осы …

Read more
Comments: 0

Капитал мен биліктің бірігуі

           Карл Маркстың «олигархиялық капитализм – билік пен капиталдың қосылуы» дегені есіңізде болар. Кейде осының белгілерін бізде де байқаймын. Ірі бизнесмендер әкімдермен тығыз қарым-қатынаста болып, бір уақытта өз шарттарын қоя бастайды, тіпті аудан әкімдерінің орындарына сенімді адамдарын тағайындап, қалаған бағыттарына жол салуды қаржыландырады, жылдан жылға мемлекеттік тапсырысты ұтып алады, сот үкімдеріне ықпал етеді, ақыры жеке көліктеріне …

Read more
Comments: 0