Все статьи с тегом "#саясат"

Қазақтың тойы.

Жақында бір танысым туған жеріне барып қайтты.

Ол жақта тілашарға шақырыпты. Үйлену тойы немесе мерейтой емес. Бала мектепке барған екен.

Алайда ұлан-асыр той болыпты! Біраздан бері шетелде тұратын танысым жағасын ұстап қайтты.

Мереке төбесі алтынмен апталған, алып бағандары бар бірнеше жүз адамға арналған тойханада өтіпті. Дастарханда астан бос орын болмапты. Ұлды ортаға алтын жауынгерлер алтын таққа отырғызып, алып шығыпты. Жиналғандар …

Read more
Comments: 0

Әйгілілемеу туралы келісім

Лақаптарды әйгілілемеу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізіп, мемлекет халықпен қоғамдық келісім жасады. Қазақстанда жалған хабарды тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қабылдағанда, мен осы жаңалыққа байсалдықпен қарадым.

Банктің банкротқа ұшырауы туралы лақап ондағы депозиттердің жылыстауын және шұғыл банкротқа ұшырауын туғызатынын өте жақсы түсінемін.  Немесе, Алматыда болатын жер сілкінісі туралы лақап әуежайлар мен вокзалдарда дүрбелең мен кептелу шығаруы мүмкін делік.

Сол сияқты барлық жағдайларда …

Read more
Comments: 0

Полиция қызметкерлерінің түсірілімі.

          Сеулда мемлекет президенті Пак Кын Хе ханымның импичментіне байланысты орын алған жаппай тәртіпсіздіктің еріксіз куәгері болдым.

          Бір маңызды затты байқадым. Шерушілердің полиция қызметкерлерімен ұрыс-керісі кезінде полицейлік киім киген көптеген адамдар әр жанжалды, әр қақтығысты камераға түсіріп отырды. Осыны көру мен үшін үйреншікті емес болды. Негізі біздің полиция қызметкерлеріміз камералардан, жалпы …

Read more
Comments: 0

Италияда машинаны жөндеу

Бір жолы Италияда жергілікті жігітпен сөйлесіп қалдым. Ол автосервисте айырбасқа оған кішкентай машина бергенін айтып назаланды. 

– Айырбасқа дегені қалай, – деп мен сұрадым.

– Ал, мен жөндеуге өзімнің БМВ Х5-ді тапсырдым, олар маған оның орнына седан 316-ны берді. Ойлап көре аласыз ба? Олар үш күн менің машинамды жөндегенше мен кішкентай тар «үштікпен» жүруім керек. Шынымен, ол судай жаңа, бірақ-та …

Read more
Comments: 0

«Патшалар» және «көсемдер»

       Диктаторлардың екі түрі болады.

       Бірінші – бұл «патшалар» немесе «хандар».

       Олар билікте ұзақ отырып, барынша пайдаға кенеліп қалуға тырысады. Олар елдегі ең бай адамдар атанып, ағайын-туысы мен таныс-тамырлары «Forbes» тізімінен ойып тұрып орын алады. Ең қымбат яхталар, ұшақтар мен қайықтар да олардың меншігінде болады.

       Жиған байлығы өзімен қоса …

Read more
Comments: 0

Таза салықтар

          Таяуда бір кәсіпкермен әңгімелесіп, біраз қызық дүние естідім.

           – Мен мемлекетке барлық салықтардыы төлеуге дайынмын. Біздің салықтар соншалықты жоғары да емес. Бірақ бір шартым бар: салықтарды барлығы төлеу қажет. Мен бұны еліме қатты жаным ашығандықтан емес, қара басымның қамымен айтып отырмын. Мен салықты толық төлеп, ал менің бәсекелестерім төлмесе, осы …

Read more
Comments: 0

Әкімдердің қол жетімсіздігі.

     Бірнеше жыл бұрын мен бір облыстың әкімімен кездесуге бардым. 

     Міне былай, оған барар жолда мен төрт (!) тосқауылды санап шықтым.

     Бірінші тосқауыл мені әкімдіктің ғимаратының кіре берісінде тосып тұрды (айтпақшы, адамдар әкімдікке бүйір жақтағы есіктен кіреді; орталық кіре беріс жабық тұр және тек қана үлкен қонақтарды қарсы алу үшін ашылады). Бұл сол бүйір кіре …

Read more
Comments: 0

Техникалық даму немесе жұмыс орындары ма?

     Бір жолы Үкіметтің қабырғаларында мәжілістердің бірінде өте қызықты пікірталас болды. Салалық министрліктердің біреуі өзінің мақсаттық көрсеткіштеріне жету үшін жаңа технологияларды енгізу жоспары туралы баяндады – еңбек өнімділігін 2 есе арттыру, яғни өнімнің дәл сол көлемі адамдарың екі есе аз санымен өндіріледі.  

     Басқа министрлік, жұмыспен қамтуға жауапты, бұнымен келіспеді, өзінің көрсеткіштеріне – жұмыссыздықты төмендету –  қайшы …

Read more
Comments: 0

Өктемшіл режимдер Батысқа қарсы

Солтүстік Кореяның, Кубаның, Венесуэланың, Ресейдің, Белорусияның және басқа ұқсас елдердің не ортақтығы бар екен?

Барлық осы елдерді АҚШ-на және батыстық өмір салтына, яғни либералдық-демократиялық құндылықтарға, деген өшпенділік бірлестіреді. Неге еген? Мұнда қандай заңдылық бар екен?

Бәлкім, бұл Шығыс елдері шығар, және әңгіме Шығыс пен Батыс арасындағы өшпейтін қарсылықта болып отырған шығар? Бірақ АҚШ пен Еуропаның достарының қатарында ашық көрінген шығыс …

Read more
Comments: 0

Ашаршылық – геноцид?

      Геноцид – бұл қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік, діни немесе басқа да қалыптасқан мәдени-этникалық топты толық немесе ішінара жою үшін қасақана жасалатын әрекет.
Өткен ғасырдың басында қазақтар мен украиндарға қатысты Кеңес үкіметімен геноцид жүзеге асырылған жоқ деп санаймын. Геноцид туралы айтылатын бір де бір ресми құжат көрмедім. 1932-1933 жылдары Қазақстан мен Украинадан бөлек Кеңес Одағының басқа да аймақтарында ашаршылық …

Read more
Comments: 0