Все статьи с тегом "#дәстүрлер"

Мейрамханалық қарағылық

Жанұямызбен Парижде болғанымызда Елисей алаңындағы «Paul» наубайханасына кіріп, багет, круассан алып көршілес «Starbucks» дәмханасына (онда кофесі дәмділеу) шығып кеттік. Отырдық, таңертеңгі асымызды іштік.

Өткен жылы Парижден достарымызға дәмді сарқыт әкелгенімізді кенет еске түсірдік. Оларды әйгілі астаналық мейрамханаға шақырдық, кешкі асқа тапсырыс бердік, ал тәттіге өзіміздің сарқытымызды алып шығардық. Сол сәтте даяшы, одан кейін әкімгер жетіп келді де, олардың мекемелерінде бөтен …

Read more
Comments: 0

Қазақтың сыйлықтары

          Әр қазақ отбасында шкафтың ең артқы сөресінде немесе әжесінің сандығында сыйлықтары бар пакет жатады. Онда шапандар, камзолдар, орамалдар немесе мата (кесінді мата) болады.

          Осы пакеттегі қай заттың қайдан алынғаны жайлы ешкімнің есінде қалмаған болар. Сонымен қатар, ешкім осы пакеттегі заттарды лақтыра алмайды және оны қолдана алмайды. Олардың өз мақсаты болады …

Read more
Comments: 0

Барлығы адамдардағыдай

Бүгін Қызылорда облысынан туыс әйел қоңырау шалды.

Оның күйеуі   – мүгедек, үш баласы бар, өзі бірнеше жұмыстарда еңбек етеді, шамасы келгенше тырмысып жүр.  

Жалынып сөйлеп, көмек керек деп айтты.

– Не болып қалды, – деп сұрадым.

– Үлкен қызымды күйеуге беремін. Елдікінен кем еместей той өткізу қажет.   

– Ал қазір той өткізу қанша тұрады?

– Миллион теңге.

– …

Read more
Comments: 0

Гомосексуализм тұралы

Мен өзім гомосексуализмге қалай қараймын?

Бір сөзбен оны түсіндіру мүмкін емес.

Мен ұстанатын қағидаттын бірі, ол гомосексуализм биологиялық дербестің қалыпты мінез-құлықтан ауытқу деймін. Ер адам мен әйел адамдардың арасындағы жыныстық қарым-қатынасы арқылы адамның өрбу механизмі жаратылыспен бекітілген. Бұл байланыстан балалар туылады, және түр ретіндегі адамзат жалғасады. Яғни, тек осы қарым-қатынас табиғи, қалыпты болып табылады. 

Екінші қағидат: адамның психикасындағы ауытқулар генетикалық …

Read more
Comments: 0

Экологиялық дүние тану

Байқап қалғаным, Еуропада экологияға көп назар аударады. Бұл тақырып тұрмыстың көптеген салаларында байқалады.

Мысалы, сіздер мейрамханаға кіресіздер, ал онда подноста ол табиғи ыдыратылатын заттардан өндірілген туралы жазылған. Майлықта да.

Қонақ үйіне орналасасыз, ал бөлмедегі барлық қағаз майлықтар мен даретхана қағазының түстері сұр, сапасыз сияқты. Сіз жанжал шығаруға дайынсыз және де аппақтарын талап еткіңіз келеді, бірақ кенеттен қонақ үйі қайталам шикізаттан, …

Read more
Comments: 0

Руханият пен мәдениет

Миланда болғанымда Италиядағы орыс ұлтты эмигрант әйелмен әңгімелесіп қалдым.       

Оның есімі Ирина. 10 жыл бұрын Мәскеуден көшіп келіпті. Итальяндықпен тұрмыс құрыпты, бірақ одан соң ажырасып кеткен екен. Ұлымен бірге тұрып жатыр. Бұрыңғы күйеуімен тамаша достық қарым-қатынаста. 

– Ирина, еуропалық өмір туралы өзіңнің алғашқы пікірің туралы айтып берші. 

– Білесің бе, алғашқы жылды мен масайрау деп атаушы едем. …

Read more
Comments: 0

Білім мен тәрбие

Кейінгі кезде ауқатты қазақстандықтардың көбі өздерінің балаларын балдырғандық жастарынан бастап шетелге білім алуға жібертін болған. Әңгіме тіпті ЖОО-да білім алуда емес, орта білім туралы болып тұр.  15-16 жасар ұлдар мен қыздар кетіп қалады. Балалар шетел тілін жақсырақ игергендері үшін және ЖОО-на түсуге дайындалғандары үшін жасалады.

Бірақ менде сұрақ туындайды: шынымен білім тәрбиеден маңызды ма? Осындай жаста балалар психологиялық қалыптаспаған. Олар …

Read more
Comments: 0