Все статьи с тегом "#тіл"

Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.

       Менің пайымдауымдағы Қазақстанның ұлттық және тілдік моделі.

       Қазақстан көпұлтты мемлекет болып қала береді. Ұлты мен нәсіліне қатысты ешкімге қысым көрсетілмейді. Дүние есігін ашарда ұлтын ешкім таңдай алмайды, сондықтан адамның ұлты ешқандай артықшылық та, кемшілік те емес.

       Қазақстанда барлық этностар мойындалып, құрметке ие болады. Диаспоралардың ұлттық-мәдени орталықтары болады, олар этникалық ерекшеліктерін сақтап қала алады, бірақ мемлекет құраушы ұлт …

Read more
Comments: 0

Қадірлі достар!

     Қазақ тілін латынға көшіру қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ғаламторда әліпбидің әр түрлі нұсқалары жарияланды. Басты тартыс қазақ тіліне тән бірнеше әріп төңірегінде ғана жүріп жатыр. Ал латынның «a», «b», «d», «p», «r», «s», «t» сынды негізгі әріптеріне қатысты ешқандай дау жоқ.

     Демек латынға көшу қажеттілігін көпшілік мойындайды. Енді пікірталасты қазақ тілінің спецификалық әріптері төңірегінде жүргізіп, әр …

Read more
Comments: 0

Қадірлі достар!

     Қазақ тілінің даму мәселесіне бұрыннан қызығамын. Өзім әр түрлі деңгейде 4 тілді білемін: қазақ, орыс, ағылшын және италия тілдері. Көптілділік осы тілдердегі кейбір заңдылықтар мен мәселелерді байқауға мүмкіндік берді.

     Қазақ латын әліпбиінің өз нұсқамды ортаға салуға тәуекел еттім (төмендегі суретті қараңыз).

     Алдымен біраз анықтама беріп кетейін.

     Диграфты әліпби ғаламтор кеңістігінде қызу пікірталас …

Read more
Comments: 0

Қазақ латынының үш нұсқасы.

     Мемлекеттік мекемелер маңдайшадағы жазуларын жаңа латынға ауыстырып жатқанда, бір түн ішінде кітаптар басылып жатқанда халық апострофтардан аман қалатынына үміттеніп отыр. Мен WhatsApp және Messenger арқылы латынға көшу мәселесін талқылауға үшін бірнеше топқа қосылдым. Бұл топтарда қарапайым адамдар да, белгілі ғалымдар да бар.

     Латынға көшуді қолдайтындар арасында үш топ қалыптасқанын байқаймын.

     Бірінші топ (мен оларды …

Read more
Comments: 0

Шет елдің азаматтары.

       Баяғыда Петропавлдағы бір жағдай мені қатты таң қалдырды. Жергілікті жастардың қасында отырдым. Олар футболдан бір халықаралық жарыстың нәтижелерін қызу талқылап жатты. Сосын біреуі маған: «Біздікілер тағы бір ойынды жеңсе, топтан шығамыз!» ,-деді. Мен таңданып «Қалайша? Біз жеңіліп, ешқайда шыққан жоқпыз ғой»,- деп жауап бердім. Ол болса: «Міне! Біз екінші орында тұрмыз ғой!» , -деп телефонындағы Ресейдің тобы …

Read more
Comments: 0

Титулдық ұлт

Титулдық  ұлт дегеніміз не?

Ол біздің елімізге атау берген ұлт, және де ұлты, тілі мен мәдениеті біздің елімізде басты болып есептелетін, әлемдегі елдердің арасында оның ерекшелігін белгілейтін ұлт болып табылады.

Бірақ, осымен бітті. 

Қазақстанда қазақ ұлтында басқа артықшылықтары жоқ және де болмау керек!

Орыс, украин, неміс, татар, кәріс және де басқа қазақстандықтар бұл елде өздерін қазақтар сияқты толық құқықты азаматтар …

Read more
Comments: 0

Латынға көшу: қолдаушылардың және қарсылардың дәлелдері.

      Қазақстанның латынға көшуі қоғамда қызу пікірталасқа ұласты.

      Енді осы мәселені эмоцияға берілмей, барынша объективті талдап көрелік.

      Латынға көшуді қолдайтындар қандай дәлелдерін келтіреді?

      Бірінші – көптеген елдер латын қарпін қолданатындықтан, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысы нығайа түседі.

      Шынымен де, карта мен статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қытай, Үндістан, араб …

Read more
Comments: 0

Қазақ тілінде қол жетерлік әлем

Қазақ ұлты мәдени дамуының бүгінгі деңгейіне 18 ғасырдың ортасынан бастап орыс мәдениеті мен орыс тіліне араласуының арқасында жетті деген пікір бар. Қазақ зиялыларының барлық білімді өкілдері, техникалық мамандар, жоғары буындағы басшылар өз табыстарына орыс тілінде оқығандықтан ғана жетті, өйткені орыс тілі оларға орасан зор білім дүниесін танып білуге мүмкіндік берді деп саналады. Шынында, қазақ тіліндегі көркем, арнаулы, техникалық әдебиеттің көлемін …

Read more
Comments: 0

Орыс тілді қазақстандықпен болған әңгіме

        – Тыңдашы, сен осы қазақ тілі жайлы тақырыпты не үшін қайта- қайта қозғай бересің? Сен қайықты әдейі тербетіп жатсың ба? Осында украиндық сценарийді қайталағың келе ме? Жақсы тұрып жатырмыз ғой. Құдайға шүкір, бейбіт және тыныш. Барлығы бәріне қанағатты, сең болсаң қайтадан қазақ тілі жайлы посттар жаза бересің. Не үшін?

       – Саған жақсы тұрып …

Read more
Comments: 0

Қазақ тіліндегі неологизмдер

      Қазақ тілі әлі даму мен қалыптасу үрдісін өткеріп жатыр. Тәуелсіздіңтің алғашқы жылдары жаңа құбылыстар мен заттарға тек «қазақи» балама ойлап табу сәнге айналды. Бұл орысшадан мүлдем бас тартумен түсіндірілгенмен, бұл сөздердің төркіні батыс жақта екендігіне ешкім мән бермейтін. Осы кезеңде қазақ тілінде «күйсандық» – «пианино», «әуежай» – «аэропорт», «ғаламтор» – «интернет», «ұшақ» – «самолет» және тағы басқа …

Read more
Comments: 0