Бір жолы Үкіметтің қабырғаларында мәжілістердің бірінде өте қызықты пікірталас болды. Салалық министрліктердің біреуі өзінің мақсаттық көрсеткіштеріне жету үшін жаңа технологияларды енгізу жоспары туралы баяндады – еңбек өнімділігін 2 есе арттыру, яғни өнімнің дәл сол көлемі адамдарың екі есе аз санымен өндіріледі.  

     Басқа министрлік, жұмыспен қамтуға жауапты, бұнымен келіспеді, өзінің көрсеткіштеріне – жұмыссыздықты төмендету –  қайшы деп сілтеді.

     Сонымен біз үшін не маңызыдырақ: техникалық даму→ еңбектің жоғары өнімділігі → бәсекелесуге қабілетті өнім → жалпы ішкі өнімнің өсуі → елдің баюы→ азаматтардың  тұрмысының жоғарылауы немесе жұмыспен қамтудың жоғары болуы → әлеуметтік тұрақтылық.

     Ақиқат орта бір жерде деп келістік.

     Асыра сілтеулер, оңға болсын (либералдық, капиталистік тәсілдеме), солға болсын (лейбористік, социалистік тәсілдеме) қоғам үшін өте қауіпті.

     Басқару шеберлігі шектер арасында жалтаруда және уақыттың әр нақты кезеңінде дұрыс басымдықтарды таңдауда болады.

     Тақырыпқа мысал: түбі тесік қайықта отырған адам дәл кәзір батып кетпеу үшін қайықтың түбіндегі суды сарқып алуды және де мақсатқа жылжу және ертең аштан өліп қалмау үшін ескектерді есуді үлгеру қажет.   

 
Comments: 0