Терроризмге берген менің анықтамам:

           Терроризм – дәрменсіз ашу.

            Неге ыза?

            Себебі қалыптасқан жағдайды өзгертуге шамасы келмеген белгілі бір адамдар тобының ызасы террризмнің пайда болуына жағдай жасайды.

            Неге дәрменсіз?

            Себебі заңды түрде әркет ету мүмкіндігі болмағандықтан, осы топтың адамдары заңға қайшы, террорлық әрекеттерге барады.

            Бұл тұжырымға сәйкес терроризммен қалай күресуге болады? Дәлірек айтсақ, қалай алдын-алуға болады?

            Аталған қос құрамдас бөлікті, яғни ыза мен дәрменсіздік сезімін жою керек.

            Ызаны жою үшін адамның дүнетанымына әсер ету қажет. Мысалы, ислам террористері батыс әлемін ұятсыздық, азғындық пен адамгершілікке жат құндылықтардың мекені деп ойлайды. Олар тек діни қағидаларды берік ұстанатын адам ғана адал, әдепті және рухани кемел тұлға бола алады. Әлемде өз үстемдіктерін орнатқысы келеді. Ал өркениетті әлемнің міндеті кез келген христиан, буддист, тіпті атеист те адал, әдепті және рухани кемел тұлға бола алатындығына сендіруіміз керек. Барлық конфессиялар бір елде еш қақтығыссыз сыйыса алады. Бұған дәлел ретінде АҚШ, Еуропа елдерін және Қазақстанды да келтіруге болады.

            Террористер санасындағы дәрменсіздікті жою үшін олардың күш-қуатын жасампаздық арнасына қарай бұру қажет. Олар өз мақсаттарына қарумен емес, бейбіт, демократиялық жолмен жететін жағдай жасау керек. Мысалы, ирландтар, басктер мен ұйғырлар тәуелсіздікке жетудің терактілерсіз, демократиялық жолдарын (каталондықтар сынды референдум арқылы, бірақ екіжақты келісім болғаны жақсы) іздегені жөн. Немесе мұсылмандар үшін жалғыз дұрыс жол – бұл пуритандық өмір салты деген көзқарасқа иландыру. Сонда олардың күш-қуаты терактілерге емес, үгіт-насихат жұмыстарына, қайырымдылық жасауға бағытталады.  

Comments: 0