Қазақстанда еш уақытта ешқандай тілдерге қысым жасалмау қажет. 

Біздің көшелерімізде қазақ, орыс, ағылшын, украин, араб, түрік және де басқа тілдердегі үн шығып тұрған жағдайды мен мінсіз деп санаймын. 

Мен – тек қана жақтаймын!

Бірақ… талқылап көрелік. Қазір Қазақстанда қай тілге қысым жасалады?

Соңғы ең резонансты оқиғалардың мысалдарын келтірейін.

2013 жылдың қаңтар айында Павлодар қаласының тұрғыны Руза Бейсенбайға «Сулпак» жүйесінің дүкендерінің біреуінде қызметті мемлекеттік тілде алалмады. Онымен қазақ тілде сөйлесуден бас тартқан. Онымен сөйлесе алатын бірде бір сатушы табылмапты.   

2013 жылдың қараша айында қазақстандық эстрадалық әнші Сәкен Майғазиев әуежайда оның жолжүгін тексеру кезінде бақылаушымен мемлекеттік тілде сөйлесуге тырысқан екен. Ол біржолата бас тартыпты. Керіс-шалыс басталып кетіпті. 

2014 жылдың тамыз айында әйгілі қазақ тілінде хабарламаларды жазушы Ербол Серікпайға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында қазақ тілде қызмет көрсетуді қабыл алмаған. Сол туралы ол Интернетте айтып салды. 

Назарларыңызды аударыңыздаршы, өтінемін. Айтылмыш жағдайлардың біреуінде де ешкім ешкімге орыс тілінде сөйлеуге ТЫЙЫМ САЛМАҒАН. Желілердің кейіпкерлері біздің елімізде мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілде жауап қайтаруды талап еткен. Айырмашылықты сезіп тұрсыз ба? Әлдеқандай тілге тыйым салу және де мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымнан (яғни тұлғалардың шектелмеген шеңберіне қызмет көрсетушілерден) мемлекеттік тілде жауап қайтаруды талап ету.

Егер де осы адамдар көшеде өткен-кеткендерге әңгімелерімен жабысып және де олардан қазақ тілінде жауапты талап етсе, мен өзім де оны кінәраттаушы едім. Қазақстанда қарапайым азамат өзіне ұнайтын тілде сөйлеуге құқылы. Мүлдем сөйлемеуге де болады. Бұл оның жеке қалауы. Бірақ сол азамат мемлекеттік лауазымға тұрғанда немесе дүкеннің сөресіне кіргенде, әлде ұлттық компанияның офис-майданында орынға ие болғанда орыс тілін игермеген ауылдан келген қарапайым әже келіп, сұрақ қойғанына дайын болу қажет. Қызметші оған жауапты қазақ тілінде қайтаруға дайын болу керек. Әлемнің барлық тілдерінде жауап бергенін талап етпеймін, бірақ Қазақстанда тұтынушыларға қазақ тілінде жауап қайтару – оның міндеті.  

Біреуге осы орынсыз талап ету деп көрінетін шығар?

Онда Мәскеуде орыс Домодедово әуежайында бақылаушымен орыс тілінде сөйлесуге мүмкіндігі жоқ деп елестетіп көресіздер ме? Дәрменсіздікпен баспасөз арқылы өзінің отандастырына жүгінеді: бұның бәрі қашан бітеді екен? – деп. – Өзіміздің үйімізде қашан ғана жауаптарды туған тілімізде аламыз екен?!

Немесе ағылшын «British Airways» ұшақкомпанияның бортында аспансеріктен ағылшын тілінде бірдеңе сұрағысы келсе, ал оған «Мен ағылшынша сөйлемеймін» деп айтса ше. Ағылшын өзін қалай сезінеді екен?

Сондықтан да неліктен кейбіреулер көпшіліктік қызметкерлермен қазақ тілінде сөйлесуге талпынатын қазақтарды кінәраттайды екен?

Бұның бәрін мен не үшін айтып отырмын?

Еш уақытта да мен Қазақстанда тілдік себепте ұлтаралық қарым-қатынастардың шиеленесуін қаламаймын. Мен біздің көп ұлттық үйіміздегі татулықты қолдаймын. Әлдекім Қазақстаннан ұлттық мәселердің салдарынан кетіп қалғанын қаламаймын. Бірақ қазір өзімнің орыс тілінде сөйлейтін (орыстардан, қазақтардан, украиндықтардан, татарлардан, немістерден және тағы басқалардан) отандастарымнан сұраймын:

Қазақ халқын құрметтеңіздер!

Қазақ тілін құрметтеңіздер!

Қазақтардың қоғамдық орындарда өздерінің туған тілдерінде жауап алуға талабын құрметтеңіздер!

Бұл асқан талап па? Бұл сіздердің құқықтарыңызға қысымшылық көрсету болады ма? 

Алайда, неліктен «сіздердің»? «Біздің» деген дұрысырақ болар. Мен де орысша сөйлейтін қазақпын ғой. Мен 30 жасыма дейін қазақ тілін білмедім. Орыс ортада (Байқоңырда) туылып, өстім, мектепте, ЖОО-да орыс тілінде оқыдым. Бізде «қазақ тілі» деген пән де болған емес. Тек 30 жастан бастап мен қазақ тілін үйрене бастадым. Осы күнге дейін де онсыз болып өтер едім.       Бірақ мен ол дұрыс емес деп шынымен санаймын. Бұлай болмау керек.

Ал, бәріміз бірігіп қазақ тілін оқылық!

Және де өзінің туған жерінде өзінің туған тілінде сөйлегенді қалайтындарды жөнсіз мәндегі ұлтшыл деген сөзбен атамайықшы.

Бір бірімізге көмектесейік және де біздің ортақ елімізді – мемлекеттік тіл ажырамас белгісі болып табылатын Қазақстанды құрайық.

Comments: 0