90-шы жылдары менің ата-анам Алматы жанындағы Тура Жолда тұрды.

         Сол кездері ол таза, күтілген ауыл болатын. Ондағы адамдар тату-тәтті және көңілді өмір сүрді. Біздің көшемізде әртүрлі ұлт-өкілдерінің отбасылары тұрды: қазақтар, түріктер, орыстар, украиндықтар. Бірақ бізге ең жақын қарама-қарсы тұрған екі жанұя болды: Абзар ағай мен Феруза тәте және Сабыр ағай мен Валида тәте. Кез-келген шара, мереке оларсыз ешқашан өтпейтін, біз де олардың жиі қонақтары болдық. Ауылда осылай болады ғой. 

         Менің есімде, тамаша, тыныш жаз кештері бар, онда біз жұбайыммен бірге демалысқа қызымызды ата-әжесіне әкеліп, көршілердің арасында ауланың сәкісінде отырған болатынбыз. Қасымызда балаларымыз шулап ойнап отырды, ал біз сәкіде отырып, шемішке шағып, әлемдік жаңалықтарды талқылап жаттық.

         Бір күні біз жұбайымызбен ауылда қонатын болдық, ал ата-аналарымыз сол кезде бір жаққа қонаққа кетіп қалған болатын. Кешке жақын мен қалада уланып қалғандай болдым, ал түннің ортасында менде қатты ұстама басталды, оның қатты болғаны соншалықты, мен өліп қалам ба деп қорықтым. Мен аяқ-қолдарымды сезе алмадым. Әйелім көмек сұрау үшін көршілерге жүгірді. Әрине, ең алдымен ол Абзар ағайдың ауласына қарай бет салды. Ол естіген бойда бірден жүгіріп келді, маған қарады да, дереу ауруханаға апару керектігін айтты. Машинасын оталдырып, мені және әйелімді отырғызды, ал Феруза тәтеге қызым оянып қалса, шошып кетпесін деп онымен бірге отыруды бұйырды. Қалқаман ауруханасына жетіп келдік, Абзар ағай әйеліммен бірге мені дәрігерлік жан сақтау бөлмесіне дейін әзер алып келді. Тағы бірнеше минут, мүмкін сіз бұл жазылған жолдарды оқымас едіңіз. Жалпы жағдай өте күрделі болды. Осы уақыт бойы Абзар ағай әйеліммен бірге маған дәрі екпегенше және ауруым басылмағанша қоларбаның жанында тұрды және сол кезде менің жолым болғанын түсіндім. 

         Содан кейін мен бұл жағдайды жиі еске алатынмын және ойлайтынмын: Егер де Абзар ағай бізге көмектеспегенде не болар еді? Жоқ. Олай болу мүмкін емес. Былай айтқан дұрыс болар: егер ол үйде болмағанда, не болар еді? Осыны ойлаудың өзі қорқынышты. Өйткені ол менің өмірімді құтқарды.

         Сонымен, мен осыны неге қазір еске алдым?

         Өйткені Абзар ағай – түрік. Бірақ сол түні маған оның түрік екені бәрібір болды. Ал Абзар ағайға менің қазақ екенім бәрібір болды. Ол жай ғана көршінің, адамның өмірін құтқарды.

         Неге екенін білмеймін, бірақ осы жайлы бүгін айтқым келді. 

Comments: 0