– Әке, осы Украинада не болып жатыр өзі?

– Қашаннан бері сен саясатқа қызығатын болғансың?

– Барлық жерде, барлық арналар бойынша, тек Украина туралы ғана айтып жатыр емес пе, ал мен басын өткізіп алып, енді әңгіме неде екенін ұқпай тұрмын. 

– Ұзақ және күрделі оқиға.

– Ал сен қысқаша және де қарапайым тілмен айтып бер.  

– Жәрайды ендеше. Жоғары сынаптың оқушысы ұғатындай, түсінікті айтып көрейін.

Сен, бәлкім, Кеңестік одағы туралы естуін бар шығар. Міне, 1917 жылы бұрыңғы патшалық Ресей өзінің құрамындағы көпшілік халықтарымен төңкерістен кейін әлемдегі ең бірінші социалистік мемлекет құрылды. Оның басты ерекше белгісі болып қоғамдық мүдделер жеке мүдделерден жоғары болғаны табылды. Барлық зауыттар мен фабрикалар, жер мен кемелер қоғамның, яғни мемлекетің, меншігі болған. Бұл әділеттіктеу және адалдау деп көбі санады. Қалған әлем басқаша өмір сүрді. Онда тұлға бірінші орында болды. Жеке тұлғада басқалардан көбірек ақша табуға мүмкіндігі болды, сондықтан онда, Кеңес Одағынан өзгешілікте, байлар мен кедейлер өмір сүрді. Қоғамның осы екі құрылыстары 20-ы ғасырдағы қақтығыстың басты тақырыбы болды. Бірнеше соғыстардан және де үздіксіз қарсылықтардан  кейін әлемдік саяси күштердің кереғар екі жағы пайда болды: Кеңес одағы өзінің одақтастарымен және батыс әлем – АҚШ пен Еуропа. Қытай, Оңтүстік Америка сияқты үшінші күштер де пайда болды, бірақ сөз қазір олар туралы емес.   

– Сен тым алыстан бастаған жоқсың ба?

– Жоқ, бәрі дұрыс. Онсыз сен сұрақтың терең мәнін түсіне алмайсың.

Міне, одан кейін 1986 жылы Кеңес Одағында нәтижесінде Одақ ыдырап кеткен Қайта құрылыс басталды. Меніңше, осы ыдырау заңға сай болды. Социалистік жоспарланған экономикасында бәсекелестік жоқ болды. Ал ол ілгерліктің қозғалтқышы ғой. Социалистік тауарлардың, сапалары және әсемділігі төмендеу болды; қызмет көрсетулер нашарырақ және мейірімсіз болды. Жоспарлы экономика әрі қарай дами алмады да, жойылып кетті. 

Кеңестің ыдыраған кезінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Ресей, Қазақстан, Украина, Белоруссия, Өзбекістан және т.б. Ресей бұрыңғы Кеңес Одағының ең үлкен бөлігі ретінде көптеген халықаралық қарым-қатынастардың мирасқоры болды, оның ішінде АҚШ-ның әлемдік үстемшілігіне жалғыз қарама-қарсылықтың рөлін өзіне алды. Шынында, СРКО-ның ыдырауымен АҚШ халықаралық сахнада өзін еркін сезінді. Бұл кезеңде әлемнің бірнеше бөліктерінде бірнеше қақтығыстар болды, онда Америка, өзі айтқандай, ізгі ниетпен басқа елдердің ішкі істеріне кіріскен еді немесе елдер арасындағы жанжалдарда төреші бола қалатын. Тек қана бейбіт жолымен емес те.

– Ал АҚШ неліктен өзін өзі осылайша ұстайды?

– Өйткені ол әлемдегі ең бай және де мықты ел болғандықтан. Сонымен қатар өзінің үстемділігіне ол азды-көпті жауапкершілікпен қарайды: басқа елдерді күштеп басып алмайды. Көбінесе ол, былайша айтқанда, экономикалық түрде «басып алады». Демек, ол әр елге бостандық пен демократияны орнатуға көмектеседі, ал экономикада – нарықтық қарым-қатынастарды. Ал нарықтық экономикада және де ашық шекаралар жағдайында АҚШ бәрінен мықты және де қандай болса да елдің экономикасын оңай сатып алуы мүмкін. Бірақ бұл нағыз капитализмнің өзі ғой. Ең мықтылар жеңіп шығады. Және де мүлдем қарусыз.   

– Сондықтан көбі Американы жақсы көрмейді ме?

– Иә, әлемде Американың көп дұшпандары бар. Көбінесе олар – бірдей жағдайларда өзінің экономикасы Америкадан ұтылып қалатынын білетін әлсіз дамып келе жатқан елдер. Ал оған қоса олар билеушілерді биліктен айыратын демократияны іштен жек көретін тоталитарлық елдер.

Кеңес Одағының көп елдерімен де дәл осы болды.

СРКО мен Батыс арасындағы қарсылықтың тарихында кеңес адамдарында мықты насихаттау нәтижесінде барлық батыстыққа деген тайсалмайтын жаратпаушылық қалыптасқан. Батыста да дәл осылай болды. Олар кеңестіктің бәрін жат көретін.

Алайда, бұрыңғы Одақтың республикаларында нарықтық қарым-қатынастардың дамуымен қатар капиталистік қарым-қатынастар және батыс құндылықтарына деген бейімделу басым бола бастады: сөз бостандығы, кәсіпкерліктің бостандығы, басқаша көзқарасқа деген төзімділік және т.б.. Осы көңіл күйлер олардың кейбірулерінде биліктің алмасуына, мысалы, Грузияда, Украинада, апарып соқты. Осы елдерде идеологияның ауысуымен бірге сыртқы саясат та ауысты. Енді олар өздерінің бұрыңғы жебеушісі Ресейге емес, Еуропаға бейімделе бастады. Бұл Ресейдің сол кезде Владимир Владимирович Путин басқарған басшылығына ұнамады.

– Неге?

– Өйткені бұрыңғы одақтас республикалардың еуропалық кеңестер мен одақтарға кіруі батыс әскери күштері, осы республиканың аумағына кіріп, Ресейдің шекарасына тым жақындайтына апарады. Ал Ресей әлі күнге дейін өзін АҚШ-на қарама-қарсылықпын деп санайды. Егер іс халықаралық жанжалға жетсе, мейлі бір алыс жерде делік, мысалы, Жақын Шығыста болсын,   екі басты «әлемдік полицейлер» күштерімен сынасу бастайды. Дәл осы кезеңде Украинаның аумағында, Мәскеуден 600 км қашықтықта, американдық зымырандардың болуы АҚШ үшін, әрине, салмақты дәйек болады.

– Демек, Ресей Украинаға қарсы болғанының басты себебі осы болды ма?

– Былайша айтқанда, Украинаға қарсы емес, Украинаның Ресеймен одақтастығынан Еуропаға кетуіне қарсы.

Сонымен қатар, Украина – ресейлік тауарлар үшін ірі нарық қой. Еурокеңеске қарама-қарсы Ресей өзінің экономикалық серіктестерімен өздерінің жалпы нарығын құрастырғысы келеді. Сондықтан да ол Қазақстанның Кедендік кеңес құру туралы ойын қуана-қуана қолдап, бұрыңғы кеңестік республикаларды оған қосуға бәр күшін салып отыр. Украинаның Еуропалық кеңес жағына кесімді кетуі, әрине, Ресейдің экономикасын әлсіретеді. Украина мен Ресейдің арасында оңайлатылған тәртіп бойынша алмасып отырған тауарлар енді кедендік шекаралар және баждармен бөлініп кетеді.

– Бұның бәрі теория. Ал уақиғалар өздері қалай өрістетілді екен?

– Мен саған айтқанымның бәрі – ол басты, маңызды. Ал уақиғалардың өздері – ол егжей-тегжейлер ғана. Олар осылайша да болуы мүмкін, басқаша да – мүмкін. Ол мәнді өзгертпеуші еді. Әр уақиғаның мәнін көріп біл.

Міне, осы жағдайда 2013 жылдың қараша айында біз айтып отырған оқиға басталды. Украинаның Президенті Янукович Еурокеңеспен бірлесу туралы Келісімге қол қоюдан бас тартты, осымен өзінің Ресейге деген бейімделуін көрсетті. Бұл Украинаның көп азаматтарының ашуын келтірді, көбінесе оның батыс бөлігінің, олар Киевте, оның орталық алаңы – Майданда, және басқа қаларда жаппай шерулер өткізді. Қарсылыстық асқынып бара жатты. Соңында атысуларға де жетті, Майданда адамдар қаза болды. Бұған үйлердің шатырларынан адамдарды қандылықпен өлтірген жасырын мергендер себептесті. Көбі бұл ресейлік арнайы қызметтердің ісі деп санайды. Ресейлік сарапшылар ше Майдан елдің ресейлікшіл басшылығын құлату үшін және де Украинаны Батысқа бұру үшін батыс арнайы қызметтері ойлап іске асырды деп есптейді.     

– Сонымен, шындық қайда қалды? Шынында онда қалай болды?

– Оны біз бірнеше жылдардан кейін білетін боламыз. Қазір емес. Қазір бастысы соғыста жеңіп шығу, ал жеңімпаздарды айыптамайды ғой. Өкінішке орай, осы ұятсыз ереже біздің кезімізде әлі де істе. Қазір ақпарттың зор ағыны барлық жақтан құйылып жатыр, бұл ағындағы өтіріктің де үлесі өте зор.

Айтпақшы, дәл осы Майданнан, менің ойымша, кеңестіктен кейінгі уақыттағы ресейлік БАҚ-ың ең үлкен насихаттық науқан басталды. Ол, әлбетте, тарихта және журналистика, психология мен әлеуметттану бойынша оқулықтарда қалады. Ресейлік арналар елдің санасына орыс азаматтарға қысым көрсететін Украинаның басына фашистік билік келді деп жаппай құя бастады.  Телеарналар Майданда болған оқиғалардан тек үзінділерін алып, бірдемелерін күшейтіп, басқа бірдемелер туралы мүлдем үндемей, күні-түні осындай суреттерді эфир арқылы жариялап отырды. Бүкіл Ресей және көбінесе орыстар тұратын Украинаның бүкіл шығысы жаңа билік Украинадағы орыстарды өлтіруге, сәті түссе, оларға тек қысым көрсетуге дайын екеніне сене бастады.  Украиндықтарға деген қатты ашу, наразылық, ал соңында жек көрушілік күшеді де Ресейді, Украинаның оңтүстік-шығысын және бұрыңғы кеңестік республикаларда тұратын көптеген орыстарды басып алды.

Алайда, Майданда шынымен «Оңшыл сектор» сияқты ұйымның радикалдық соғысқұмар адамдары болғанын мойындау керек. Бірақ бұл радикалдардың тек қана бір қабатшасы ғой. Ондайлар әр мемлекеттерде кездесіп тұрады. Оның ішінде Ресейде де. Білесің бе, мен бүкіл Интернетті қопарыстырдым, ал Украинада соғыс басталғанша орыстарды өлтірген туралы материалдарды таппадым. Ал «орыс скинхедтер өлтірді..» дегенді іздестіруге тапсырсаң, сен Ресейде кавказдықтарды, азиаттарды өлтірген туралы ондаған сілтемелер тауып аласын.  

Және де Украина Еуропамен кеңеске кіру үшін Ресеймен қақтығысқа барғанын ескере жүр. Еуропа не екенін сен білесің ғой. Біз ол жақта болғанбыз. Еуропа өз қатарына фашистік мемлекетті қабылдаумаушы еді.

Жалпы, менің ойымша, Украинадағы орыс тұрғындарына қауіп қатер туылған туралы ақпаратты ресейлік БАҚ-тар Ресейдің Украинадағы кейінгі әректтерін ақтау үшін асырып келтірді.

Ал кейінгі әрекеттері мынадай болды. Айыратын белгілері жоқ, «әдепті адамдар» немесе «жасыл адамдар» деп аталатын, ресейлік әскери қызметшілер Қырымның әскері бөлімдері мен басқару органдарына басып кірді. Олардың көмегімен ресейшіл ниеттелген жергілікті тұрғындар Қырымның Украинадан тәуелсіз екендігі, одан кейін Ресейге қосылуы туралы жариялады. Менің ойымша, осының бәрін Ресей ұйымдастырды.   

– Бірақ Қырымда көптеген орыстар тұрды, және де бұрын Қырым ресейлік болды дегенді естігенмін.

– Мен дауласпаймын, орыс және орысша сөйлейтін ел-жұрт Қырымда басым шығады. Тіпті мен кеңестік кезеңінде Қырым түбегі Ресей Федерациясынан Украинаға табысталғаны сұрақтар туғызатымен де дауласпаймын, бірақ бұл киімдерін ауыстырған әскери қызметшілер көршілес елге басып кіріп, стратегиялық объектілерді тартып алғандарына, одан кейін олардың бақылауымен референдум өткізуге себеп болмайды ғой. Дәл сондай табыспен Қытай ресейлік Сібірдің кейбір тұрғындары арасында ресейлік төлқұжаттары бар этникалық қытайлықтар орыстардан көп аудандарына, айтқандай, «өзін өзі билеуге» және де одан кейін Қытайға қосылуға көмек көрсетуі мүмкін емес пе. Қазақстанның да солтүстік облыстарында көбінесе этникалық орыстар тұрады, олардың арасында өздерінің жерлерін Ресейдің бөлігі деп санауды қалайтындар да аз емес.  Қазақстанның оңтүстігінде тек өзбектер тұратын елді мекендер де бар. Еуропада да мемлекеттердің шекараларында бәрі араласып кеткен, бір елдің аумағында басқа елдің этникалық көп топтары тұрып жатады. Бұл дұрыс. Егер әртүрлі ұлттардың адамдары тек шекара бойынша қатаң бөлінген болса, ол өте оғаш болатын еді.  

Міне осылай. Осының бәрін мен басқа ұлттардың өкілдері тұратын көршілес елден тіпті халықаралық құқықпен де, тіпті ағалақтық құқыпен де жерлерін тартып алуға рұқсат берілмейтін туралы айтып отырмын.  Және де, ақыр аяғында, сақтану түйсігі дәл осындай оқиға осы елдің өзінде де пайдалануы мүмкін екенін ойға салмайды ма.

– Ал одан кейін не болды?

– Ал содан кейін сәуірде Украинаның оңтүстік-шығыс облыстарының бөліктері: көбінесе этникалық орыстар тұратын Донецк пен Луганск, Ресейге қосулу үшін, өздерінің тәуелсіздігі туралы жариялағылары келді. Украина ресми тұрде оның Конституциясы бойынша елдің жеке бөліктері өз еркімен бөлініп кете алмайды деп жариялады. Яғни, сепаратисттердің талаптары заңсыз және жойылуға жатады.

Ал одан кейін Одессада ауыр жағдай болды.  Мен оны былай түсінемін. Майдан мен Қырымдағы оқиғалардың тұрғысынан Украинадағы украиншыл және ресейшіл күштер арасындағы қарсылық күшейе берді. Бірде мында, бірде онда соқтығыстар тұтанып тұрды. Одессада 2 мамырда жергілікті футбол клубының әсіре жанкүйерлерінің шеруі жүрді. Көбінесе бұл украиншыл бейімделген азаматтар болды, және де осы шеруді олар отаншылдық, бәлкім, ұлтшылдық сипатты мәлімдеме жасаймыз деп өткізген шығар. Ресейшіл ниеттелген адамдардың тобы осы саппен қақтығысып қалды, тіпті жұртқа бірнеше рет оқ атылды. Жауабына долданған жұрт олар шегініп, Кәсіпорындардың Үйіне тығылып кіріп кеткенше арттарынан қуды.  Сонымен бірге бірінші жақтан да, екінші жақтан да мылтықтың атыстары естілді. Жандырғыш қоспалары бар бөтелкелер бір жақтан да, басқа жақтан да ұшып жатты. Ғимарат жана бастады. Нәтижесінде адамдар өлді. Бұл шайқаста қасірет болмай қалмайды деп ойлаймын. Егер де украиншыл шерушілер аздау болып, бір ғимаратқа тығылып қалса, долданған адамдар оларға дәл солай жандырғыш бөтелкелерді лақтырушы еді деп сенемін.  Осындай шиеленіскен жағдайда бірінші жақтан де, екінші жақтан да қаза тапқандар болмай қалмайтын еді.

– Ал билік, полицейлер не қарап тұрды?

– Бұл сұрақ өте қиын, жауабын кешірек білерміз. Мен Интернетте бір бейнеде бір азаматтық адамдар украиншыл шеруге, полицейлердің арттарына жасырынып, оқ атқандарын көрдім. Мен өзім де түк түсінбедім. Білесің бе, бұндай шатасқан жағдайда кім «өзіңдікі», ал кім «бөтен» екенін жете ұғына алмайсың. Бүкіл ел, оның ішінде полиция да, екі лагерь болып жікке бөлініп кетті. Кімнен нені тосуға болатынын білмесің де. Менің ойымша, Украинаның Еуропаға қосылғанын өмір қасіретіне және опасыздыққа айналдырып, қоғамды қақ бөлген насихат кінәлі сияқты.  

– Мен теледидар қарадым. Онда Украинада шынында соғыс болып жатқанын көрсетті. Украиндық әскер тұрғын махаллаларға бомба тастап жатыр. Ол шын ба?

– Менің ойымша, шын. Бірақ бұл шындықтың бір бөлігі ғана. Менің ұғуымша, сепаратисттер тұрғын махалларда, мектептерде, ауруханаларда тығылып, сол жақтан украин әскерінің сарбаздарына атыс жүргізіп жатыр. Оларға жауап беріп, жауынгерлерді құрту үшін, дәл сол ғимараттаға оқ жаудырғаннан басқа не қалды? Содан кейін жауынгерлер азаматтық құрбандарды көрсетіп отырады. Шеттен бұл адамгершілктен тыс көрінеді. Ал украиндық биліктер не істей алсын? Сепаратисттерді жөнімен қалдырып, өзінің елінің аумағының бір бөлігінің тәуелсіздігін қабылдау қажет пе? Бірақ бұл өзінің елінің ұлттық мүдделерін сатып кетуге тең болады ғой.   

–  Ал енді осының бәрі қалай аяқталады?

– Мен білмеймін. Шынымды айтамын. Бұл теңдікте белгісіз шамалар тым көп. Болжап болмайтын әрекеттегі тұлғалар тым көп.

Ал соңында мен саған бір кеңес беремін: мен айтқанымның бәріне бірден сенбе, өйткені бұл жаңсақ болуы мүмкін тек менің ғана көзқарасым. Егер бәрін өзің түсінгің келсе, мен сияқты он адамды жан-жақтан тыңда немесе оқы. Бәлкім, сонда бірдемені түсінуге мүмкіншілдігің пайда болар. Ақиқатты өзің тап.

Comments: 0