Бүгінгі Қазақстанда ұлт мәселесі өте өзекті болып тұр.

       Еліміз алуан түрлі ұлт өкілдерінің  мекені болғандықтан, бұл мәселе күн тәртібінен түсе қоймас.

       «Ұлтшылдық» сөзін алатын болсақ, біреулер бұл сөзше жиіркене қараса, басқалар өздерін ұлтшылмын деп атауды мәртебе санайды.

       Кімдікі дұрыс?

       Википедия былай деп жазады:

       «Ұлтшылдық (орыс. Национализм, фр. nationalisme) – саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін саяси принцип. Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең жоғары формасы болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек. Адамдар игілікке, тұрақтылыққа, бақытқа тек ұлт құрамында, ұлттық мемлекеттерде қол жеткізеді деп түсіну қалыптасқан».

      Берілген анықтама екіұшты екенін байқауға болады.

      Өзге ұлт өкілдерін кемсіту немесе қыспаққа алу туралы бір ауыз айтылмаған.

      Сонымен қатар «ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең жоғары формасы болып табылады» деген сөздер бар, яғни ұлтшылдар алдымен өздерін қазақ немес орыс деп сезініп, соын ғана қазақстандықпын деп таниды. Ұлт мен мемлекет мүддесі қайшы келсе, олар ұлтының мүдесін басым қояды деген сөз.

       «Ұлтшылдық» ұғымын бұлай қабылдау теріс әрі елімізге зиянды деп білемін.

       Ал өз ұлтының тілін, ділін, салт-дәстүрін сақтап, дамытумен қатар басқа ұлт өкілдеріне де құрметпен қарап, бірлік пен татулықты насихаттап жүрген адамдарды қалай атаймыз?  Мысалы, алуан түрлі дисапоралардың басын қосу мақсатында елімізде көптеген ұлттық-мәдени орталықтар ашылған. Бұл  орталықтарды теріс және елімізге зиян деп айтуға бола ма? Ешкім ұлты мен шығу тегін жасырмау қажет деп ойлаймын. Ұлттық болмыс мен құндылықтарды сақтауға барынша жағдай жасалуы тиіс.

       Бірақ бір шарт орындалуы тиіс.

       Барлық ұл өкілдері ортақ мемлекетіміз Қазақстан Республикасынң мүддесін өз этноыс мен басқа мемлекеттердің мүддесінен биік қоюы керек.Қарапаймы мысал, спортта Ресей мен Қазақстан құрамалары кездесіп жатса, қазақстандық орыс еліміздің құрамасына жанкүйер болу керек.

       Бұл қазақтардың өздеріне де қатысты. Еліміздің барлық азаматтарының мүддесі жекелеген қазақтардың мүддесінен басым болу қажет. Демек Қазақстанда қазақтар басқа ұлт өкілдерінен биік болу керек деген пікір ұстанатын адамд ұлтшыл емес, шовинистің дәл өзі.

       Шовинизм деген ұғымға Википедия былай анықтама береді:

       «Шовини́зм (фр. chauvinisme) — өз ұлтын, қоғамын, адамдар тобын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын идеология».

       Сонымен жоғарыда аталған екі ұғымның ара жігін біржола ажыратып алғанымыз жөн.

       «Ұлтшылдықты» өз ұлтының дамуына назар аударатын, басқа ұлт өкілдерімен бірлік пен татулықты дәріптейтін, этникалық мүдделерден мемлекеттік мүдделерді жоғары қоятын оң құбылыс деп бағалаған жөн. 

       «Шовинизмге» заң жүзінде тиым салып, бір этностың басымдыққа ие болып, басқаларға қысым көрсетуіне жол бермеуге міндеттіміз.

Comments: 0