Жақында жергілікті мешітте болған ауыз ашарға оқыс барып шықтым. Имамның уағызын мұқият тыңдап алдым. Ол сол күні Пайғамбардың ұстамдылығы туралы айтып берді.

Бір күнінде Пайғамбар спорт жарысына барып қалыпты. Адамдар күштерін, атудың дәлділіктерін, ептіліктерін сынға салып жарысқа түскен екен. Қарсыластарын жеңіп шығуға тырысыпты.   

Адамдарға бақылап қарап тұрып Пайғамбар айтыпты: «Ең мықты адам өзінің қарсыласын жеңген емес, өзін, өзінің ызасын, қызбалығын, ашуын жеңген болады».

Осы сөздермен келісемін. 

Шынымен, мен атеист болсам да, діндерді олардың жалпы адамдық құндылықтарды насихаттауларында қолдауға дайынмын. 

Ұстамдылық туралы осы қадис дұрыс, сондықтан мен оны қайталап айтып беріп отырмын және де бәрін осыған құлақ салуға шақырамын. 

Comments: 0