Бір мұсылман әйелін танимын. Жайдары, жайнақы әйел, күлкішіл, күлдіргі оқиғаларды тамашы әңгімелеуші, әдемі киінеді. Сонымен қатар Қоранның барлық парыздарын сақтайды, жұма күндері мешітке барады, бірнеше рет қажылыққа барып келген.    

     Бірде менің түсінігімдегі мұсылман әйелінің кейіпіне лайық келмейтіні туралы айтуға батылдығым жетті.   

     Ол жауап қайтарды: «Ал мұсылмандар түнерген, бірбеткей, күні-түні ислам туралы айтатын және ойлайтын адамдар деп кім айтты?  Біз де дәл бәрі сияқты адамдармыз. Біз де өмірге шаттанамыз және оның барлық ләззатын аламыз. Тек біз сонымен қатар осыған кімге борыштымыз екендігімізді ұмытпаймыз».

     Менің ойымша, осы әйел бірде-бір уағыз айтпай-ақ, Исламды әйгілеу үшін көптеген уағыздаушылардан артық жасаған сияқты.  

Comments: 0