Мүмкін өмірде әрқайсыларыңыз келесі дилеммаға тап болғансыңдар: дау және жанжал кезінде кімнің жағына тұру – жақын адамыңыздың немесе әділ адамның жағына тұру (өйткені жақын адамыңыз үнемі әділ бола бермейді).

       Мысалы, сіздің ұлыңыз далада көрші ұл баланы ұрып кетті. Сол баланың әкесі шығып сіздің ұлыңыздың құлағын жұлды. Ал бұл сіздің ұлыңыз болғандықтан, оны жақтау керек еді. Бірақ екінші жағынан қарасаң, ұлыңыздың жасағаны дұрыс болмады.   

       Мысалы, сіз кешке ауланың бойымен кетіп бара жатырсыз, ана жақта Сіздің достарыңыз шетелдің адамына тиісіп жатыр. Бір жағынан қарасаң, бұл адам үшін жаның ашиды, оны жақтап шығу керек еді. Бірақ ана жақта Сіздің достарыңыз – өзіңіздің адамдарыңыз.

       Тағы бір мысал. Қазақстан азаматы АҚШ-та лаңкестік әрекеттерді дайындауға қатысып жатыр. Оны ұстап алады және соттайды. Бір жағынан қарасаң, лаңкестерге көмектесу бұл жаман әрекет. Бірақ американдықтар біздің туған қазақстандық азаматымызды соттап жатыр.

       Осы жағдайларда кімді жақтау керек?

       Оңай мәселе емес.

       Мен өзім бір позицияны таңдап, оны өте қысқа және қарапайым формулаға жетілдірдім.

       «Әлсізді қорға, әділеттіні қолда»

       Бұл формула нені білдіреді?

       Кез-келген жанжалда, егер менің қолымнан келсе, онда зорлық-зомбылықтың жасалуына жол бермеймін. Кім-кімді ұрып жатқаны маңызды емес: біздікін, шетел адамын немесе шетел адамы біздікілерді, бөтен бала менің ұлымды немесе керісінше. Төбелес тоқтатылуы керек. Өркениетті адамдар арасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ.

       Екіншіден, даудың басын ашып және өзі үшін кімдікі, дұрыс кімдікі бұрыс екенін шешу керек. Содан кейін бұл адам саған жақын не, бөтен болғанына қарамастан, позициясы дұрыс адамның жағын таңдау керек.

       Осы ережені ұстанып, шыны керек, мен өмірдегі достарымның және әріптестерімнің ықыласын жоғалттым.

       Бір досым бөтен адаммен төбелескен кезде оған көмектеспегенім үшін маған ренжіп қалғаны есімде. Мен оларды ажыратып және кімдікі дұрыс екенін анықтай бастадым. «Кімдікі дұрыс болғанның не қажеті бар? – кейіннен досым маған ренішін айтып жатты, – Мен сенің досыңмын ғой. Неге сен алдымен оны ұрып, содан кейін кімдікі дұрыс екенін анықтамадың?».

       Түсінікті жағдай. Сен қандай жаман әрекет жасамасаң да, әр адам өзінің жақынына сенгісі келеді, жақын адамдарың үнемі сенің жағында болады және сені қолдайды.

       Бірақ мен олай жасай алмаймын. Ол менің өмірлік қағидаларыма қайшы келеді.

       Менің ойымша, шындық достықтан, ниеттестіктен және отансүйгіштіктен де маңыздырақ болады. Жақын адамдікі міндетті түрде дұрыс бола бермейді. Сондықтан осыны дәлелдей білу керек және дегеніңде тұру керек. Тек шындықтың ұлықтылығы барлығымызды жазасыздықтан және бассыздықтан ұстап қала алады.

       P.S. Менің тағы бір ережем бар, ол жоғарыда айтылған формуламен тығыз байланысты. Ол келесідей естіледі: «Жақын адамдарыңды зәбірлеуге жол берме»

       Бұл нені білдіреді?

       Егер жанжалда жақын адамың кінәлі болып шықса, онда оны өздерің жазалауларың керек. Оны бөтендерге талатуға бермеу керек.

       Балалық шағымызда аулааралық ұлдардың ұрыс-керістері жиі болғаны есімде, сол кезде біздің компаниямызда беделді, әрі әділ көшбасшы болды. Бір жолы «Біздің балаларымызды ұрып жатыр» деген айқайды есте салып, біз топпен бірге көрші аулаға қарай жүгірдік. Онда бәсекелестік компания біздің баламызды ұстап алды және оған ұру-соғу жазасын жасамақшы болды. Біздің басшымыз бірден ұрысқа араласпады. Ол тек қана оларды тоқтатып, не болып қалғаны жайлы сұрады. Біздің досымыз біреудің велосипедін ұрлаған кезде ұсталынып қалғаны анықталды. Біздің көшбасшымыз сәл ойланып, жауап берді: «Иә. Велосипедтерді ұрлау – бұл дұрыс емес». Ол қателік жасады, бірақ мен ол үшін жауаптымын. Міне сізге ақша. Өздеріңізге тамақ алып, осы келеңсіз оқины ұмытуыңызды сұраймын». Бұл баланың беделі жоғары болғандықтан көрші балалар онымен келісіп, біздің досымызды босатты. Біз ұрлығы болмай қалған ұрлықшыны өз ауламызға әкеліп, ендігәрі ұрлық туралы ойламайтындай жеткілікті түрді жұдырықпен қойып жібердік. 

       Осыдан кейін мен осы қағиданы ұстанатын болдым.

       Осы қарапайым екі ереже маған күрделі даулы жағдайларда бейімделуге және келесі сұраққа дұрыс жауап беруге көмектеседі: кім маңыздырақ – жақыны немесе дұрысы, және жақындікі қате болса, онда не істеу керек. 

Comments: 0