Жаңа сыпырғыш жаңаша сыпырады деп айтылады, немесе «жаңа қан жіберу» деген ұғыным бар.

Әрине, бұл қалыптасқан сөздерде мәні бар. Әр ұжымда жаңартулар болып отыру қажет, керісінше – тоқырауға тап болармыз.

Бірақ бұл құбылыстың басқа да шегі бар ғой.

Жаңа ұжымға келген бетімде істің жайын қарастыра бастағанымда, менің бірінші ойым осындай болатұғын: «Қандай сұмдық! Қалайша бәрі салақ жүргізілген!».

Іске сыбанып кірісіп кететінмін, бастан-аяғына дейін бәрін төңкеріп тастап, бәрін жаңа ретке келтіретінмін. Бірақ бірнеше уақыттан кейін кейбір сұрақтар бойынша, айналып келіп, менен бұрын жұмыс істегендер шығарған шешімге қайта оралғанымды таңғалып көріп қалатынмын. Олар тіпті соншалықты ақымақ емес екен ғой. 

Енді менің жас және жігерлі әріптестерім өздерінен бұрын осы жерде жұмыс істегендерді сынай бастағанда, мен күлімдеп айтамын: «Жә-жә. Сендер жарты жылдан соң не айтатындарыңды көрелік».

Comments: 0