Міне біз шенеуніктерге шағымданамыз, оларды сыбайлас жемқорлықта кінәлаймыз, ал олар – барлық біздің қоғамымыздың нақты бейнесі ғой.

Жақында бір бизнес-орталықтың басқарушысымен сөйлескенмін.  Олардың ортасында сыбайлас жеморлық мемлекеттік органдардан да осал емес деп айтты. Жалға алушылар бизнес-орталығына кеңсені жалға алу бойынша келісімдерге келгенде басқарушыға дәл сол сәтте «әділ жалгерлік ақы» үшін пара ұсынады екен. Сонымен қатар, хабарлама бойынша мердігерлер немесе жеткізушілер келгенде, байқаусызда бизнес-орталығы төлеген сомадан олар басқарушыға қанша «ағытып беру» қажетпіз деп сұрайды.

Менің әңгімелесушім өзінің құрылтайшыларының алдында адал, сондықтан ол бәрін қабыл алмайды, бірақ жалға алушылардың, мердігерлердің және жеткізушілердің таңғалғандарына қарап, жеке меншік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық әжептауыр дамыған деген қорытынды шығарады. 

P.S. Бұл мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты мүлде ақтамайды. Жай ғана біздің қоғамымыздағы басқа теріс құбылысты елеп-ескеремін. 

Comments: 0