Еліміздің Президентінің 2009 жылғы «Мемлекеттік жоспарланудың жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес қызметтің бағдарламаларын, мақсаттарын, міндеттерін, мақсатты индикаторларын, шараларын және көрсеткіштерін белгілейтін стратегиялық жоспарларға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының барлық қызметі іске асырылады. Дәл осы көрсеткіштерге сәйкес бюджет, сонымен қатар адами ресурстар да  есептеледі. Ресурстар мен мақсаттардың тиісті теңгерімі құрастырылады.

Сонымен қатар республикада тәжірибеде мемлекеттік жоспарлау жүйесімен қатар «жеке тапсырмалардың» жүйесі де бар.  Әсіресе осындай тапсырмалардың көбі әр түрлі деңгейдегі басшылардың аймақтарға сапар шегу барысында немесе ірі мәжілістерден кейін туылады.

Өкінішке орай, мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалар көбінесе «жеке тапсырмаларды» орындауға стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуден көбірек мән беріледі. Сондай-ақ, «жеке тапсырмаларға» жоғары тұрған мемлекеттік органдардың «жеке тапсырмалары» төмен тұрған органдардың «жеке тапсырмаларымен» дубляжданған жағдайдағы «жентек қар» нәтижесі тән болады, және де олардың саны ақырғы орындаушыларға жақындаған сайын көбейіп кетеді.  

Одан әрі, тәжірибеде «жеке тапсырмалар» стратегиялық құжаттардың шегінен шығып кеткен, кей кезде оларға қайшы келіп тұратын жағдайлар да кездесіп тұрады.

Нәтижесінде орталық және жергілікті атқарушылық органдар көбінесе саланың немесе аймақтың жүйелік сұрақтарын шешумен айналыспай, тек қана ағымдағы тапсырмаларды орындаумен шұғылданады. 

Осының бәрі үйлесімсіздікке апарып соғады, өйткені бұрын стратегиялық көрсеткіштерге жетуге есептелген ресурстар «жеке тапсырмаларды» орындауға жұмсалады. Салдары ретінде – стратегиялық көрсеткіштер тек қана стратегиялық мақсаттарға арналған бюджеттің жетіспеушілігінен орындалмай қалады.   

Президенттің Әкімшілігіне тоқтасақ. Еліміздің дамуының стратегиясын құрастыратын саяси орган болып табылады. Ақмола облысының Ақкөл ауданының Амангелді ауылының сутартқышын жөндеу немесе Қостанай облысының Қостанай ауданының Красный партизан ауылында аурухананы құру сияқты жеке ұсақ тапсырмалар Президенттің Әкімдігінің онсыз да оңай емес міндетті істерін өте қиындатады, бақылауда болатын сұрақтарды көп есе жоғарлата отырады.     

Көрсетілген мысалдарда бүкіл ел бойынша ақпаратқа және қажетті өкілеттіліктерге ие болған Президенттің Әкімдігі ауылды жерлерде сутартқыштарын жөндеуге көбірек қаражат бөлу үшін «Ақ бұлақ» Бағдарламасын түзетуді немесе ауылдардағы емханалардың санын көбейту үшін «Салауатты Қазақстан» Бағдарламасын түзету тапсырмасын Өкіметке беру жөн болады шығар.  

Осылайша, «жеке тапсырмаларды» стратегиялық құжаттарды түзетудің болашағын, жеке мақсаттарды шешу ретінде емес, қарастыру жөн. 

Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, мемлекеттік жоспарлауда келесі қағидаттарды қолдануды жөн деп санаймын:

  1. Бірыңғай құқықтық актіде мемлекеттік басқарудың деңгейлері бойынша өкілеттіліктер мен жауапкершілікті бекіту (Елбасы және Президенттің әкімдігі мемлекеттің әрі қарай дамуының тұжырымдамалық бағыттарын жүйені белгілейтін «сәулетшілер»; Өкімет – белгіленген мақсатқа жетудің стратегиясын және оның орындалуын бақылайтын жүйенің «инженері»; орталық атқарушылық органдар мен әкімдіктер – салалар мен аймақтар бойынша стратегияның іске асырылуына жауапты «құрылысшылар»).
  2. Бағынышты органдардың жұмысының бағыты «жеке тапсырмалармен» емес, тек олардың стратегиялық құжаттарына түзетулерді бекітілген тәртіп бойынша енгізілетін жүйелі жоспарлауға көшу.
  3. Ұсынылатын шаралар мемлекеттік органдарға, мезеттік кенеттен пайда болатын сұрақтарға алаң болмай, бар ресурстарды тек қана стартегиялық мақсаттарға жетуге жинақтауға жағдай туғызады. 
Comments: 0