Еліміздің Президенті ескерткен қиын жағдайлар басталып келеді. Мұнай қымбаттамайды. Ғажапқа деген үміт азайып барады. Тым болмаса, жақын келешекте. Ақшаның жетіспеушілігі анық сезіледі.  

Не істеу қажет?

Бейімдену қажет және жаңа жағдайда өмір сүруге үйрену қажет. Бірдеңені құрбан ету керек, бірдеңеден бас тарту қажет.

Мемлекетке, компанияларға, жанұяға – бәріне.

Әрине, үнемділік туралы ұғымдары әркім үшін  өзінікі.

Мысалы, менің бір жолдасым Жерорта теңізіндегі өзінің яхтасын сатуға шешті.  Айтпақшы, екі палубалық яхта ешкімге керек емес пе?

Басқа менің танысым өзінің бизнесін жабуды және басқа біреуге жұмысқа тұруды шешті. Екі жоғары білімі бар және іскерлік епті ақылды жігіт ешкімге керек емес пе?

Мен өзім қымбат және зейнетті фитнес-клубтан бас тартып, спортпен шұғылдануға арзанырақ, бірақ жеткілікті атқарымдыға ауыстым.  Сірә, мен айналамда мәрмәр бағаналардың орнына боялған қабырғаларды шыдармын.

Мен жаңа жобалардан және кеңсені кеңейтуден бас тарттым. Шынымен бір бөлмеде төртеулеп сиып кетуге болады. Бастысы, тату және өнімді болуы.   

Біз мейрамханадағы апта сайынғы жанұялық түскі астардан бас тарттық. Үйде де түскі асты дәмді және пайдалы ішуге болады екен.

Мен алғашқы рет OLX сайты туралы білдім және ол арқылы кейбір ескі заттарды сатып көрдім. Түкте емес. Жұмыс істейді. Ақшаның артықшылығы жоқ, және үйде бос орын көбейіп қалды.

Ал сіздер дағдарысты қалай қарсы алдыңыздар және де үнемділік үшін нені құрбандық еттіңіздер?  

Comments: 0