Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істегенімде журналистік бопсагерлік деген құбылыспен кездескенім әлі есімде.

      Ол былай болған. Облыс әкіміне бір республикалық телеарнаның немесе газеттің өкілі келіп, келесіні айтады: «Біздің арнамызға демеушілік көмек көрсетіңіз немесе жергілікті ірі компанияның біреуіне міндет артыңызшы. Ол сіздің сөзіңізді жерге тастамас. Сонда біз сізбен достасамыз. Бүкіл елге сіз қандай дарындылықпен аймақты басқарғаныңыз туралы жариялаймыз. Ал егер ұсынысымызды қабыл алмасаңыз, сіздің жұмысыңыздағы кемшіліктер мен мәселелерді таба бастаймыз және күн өткен сайын олар туралы айтудан қайтпаймыз. Бір-екі айдан кейін елдің Президенті мен азаматтары ғана емес, сіздің облысыңыздағы істердің жағдайы жаман екеніне өзіңіз де сенетін боласыз».

      Әкімнің әр қайсысы осындай қысымға шыдайтын және «өзара тиімді ынтымақтастықтан» бас тарта алар емес. Енді ол тәуелді болып қалады, дұрысында, «сауын сиырға» айналып кетеді. Бір рет келісімін беріп, ол келесіде, бас тарта алмайды және де үнемі сол телеарнаға немесе газетке мемлекеттік тапсырыс арқылы немесе оған борышты компаниялар арқылы «демеушілік етеді».

      Әрине, әкіммен әңгімелесу ылғи осындай айқын түрде өтпейді ғой. Кейбір кезде мәміле өзара ұнату және құрметтесу түрін жабылады. Бірақ істің мәні бәрі-бір сол болып қала береді: әкім республикалық БАҚ-тың біреуінің ниеттестігін «сатып алады».

      Дегенмен, бұндай әңгіме әр әкімде бола бермес. Барлығы оның саяси салмағының және телеарнаның немесе газеттің жеке меншік иелері арасындағы арақатысқа байланысты. Осындай өрескел ұсыныстармен өте беделді әкімдерге жақындау – нағыз өзін-өзі өлтірушілік қой. Бірақ БАҚ-дың меншік иелері күштердің арақатысын тым жақсы біледі, сондықтан өздерінің тыңшыларын керек еместерге жібермейді.

      Журналистік бопсагерліктің нәтижесін біз бәріміз, көрермендер де, оқырмандар да, теледидардың экрандарында және газеттердің беттерінде көріп  жүрміз.

      Егер бір телеарна немесе газет ұялмай және қажымай, кемшіліктеріне көз жұмып, әкімнің біреуін мақтай бастаса, егер әкімдердің рейтингісін өздері құрып, оны құрметті 3-4 орынға қоя бастаса (бірінші екі орындарды саяси ауыр салмақтыларға тегін беріледі,  бәледен аулақ), бұл, ең дұрысы, әкім осы БАҚ-мен «тіл табысты» деген сөз.

      Ал егерде, керісінше, бір аймақтан әр репортаж мәселелермен, апаттармен, оқиғалармен, азаматтардың наразылығымен байланысты болса, жергілікті әкім осы БАҚ-дың «ынтымақтастық» туралы ұсынысын ескермеген болғаны, сірә.  

      Ал әкім не істеу керек екен?

      «Диктофондар мен бейнекамералары бар бопсакерлер» алдында тізе бүгіп, оларға «алым-салық» төлеу қажет пе? Немесе, керісінше, жағдайдың қожасы кім екенін көрсетіп, оларға қарсы жасырын лаңкестікті бастап, әкімдікке кіргізбей, шараларға шақырмай, баспасөз хабарламасын бермей, әр жағдай бойынша соттасу қажет пе?

      Ал, бәлкім, үшінші жолды таңдаса ше?  

      Өзіңнің ісіңді жай ғана әділ атқару. Балшық адалдыққа жұқпайды, барлық ойлап шығарылған айыптар мен іліктер, ақырында көрермендер мен оқырмандар үшін айқын болып шығады. Ол үшін ашық болу керек. Сонда әр қызмет барлығына және жан-жақтан көрінетін болады. Тек қана жаман жақғынан емес, жақсы жағынан да. Оппонентің аузына қақпақ салмай, басқалардың көздерін ашу қажет. Мейлі, бір телеарна тек қана кемшіліктерді көрсете берсін, бірақ ештеңе басқа арналарға позитивті көрсетуге кедергі етпейді ғой. Егер елде еркін бәсеке БАҚ болса, ылғи да бұл материалды қалғандардан бөлек басқа тұрғыдан көрсеткісі келетін ен болмаса бір арна табылады ғой. Дәл сонда теңгерім қалпына келеді. Және де сурет толық және әділ боладі ғой.

      Егер, әрине, жасыратын ештеңе болмаса және жан-жақтан жариялау қорқынышты болмаса.  

 
Comments: 0