Мүдделі еңбек еріксізден жақсырақ екенін ұққанда адамзат капиталистік революцияны бастан кешірді.

Одан кейін, барлығы жұмысты адамдар емес, машиналар істегені жақсырақ екенін ұққанда, өндірістік төңкеріс болды.

Қазір дүние жүзі зияткерлік революцияны бастан кешіріп келеді, өйткені идеялар ең жақсы машиналар мен темірлерден жақсы екенін сезінеді.

Біз оңдаған зауттар мен фабрикаларды салуымыз, бидай мен етті тонналап өсіруіміз мүмкін,  ал Силикон алқабындағы бір ғана зерек жігіті бүкіл біздің елімізден көп ақша таба алады.  

Ақыр аяғында, ИИЖДМБ – ол кешегі күн болып кеткен, ең көбі бүгінгі күн, бірақ ертеңгі емес.

Ертеңгі күн – ол университеттер, ҒЗИ, зертханалар, технопарктер. 

Әрине, бір шешімнен екіншісіне көшіп кетуге және өнеркәсіптік пен аграрлық өндірісті елемеуге болмайды. Бірақ егер болашақ туралы ойламасақ, ұлттық ресурстарды жастардың зердесіне, біліміне салмасақ, біз дүниеден бір қадам артта қалып отырамыз: тер мен қан төгіп тапқан өзіміздің кішкене кесік темірлерімізді, бидайды, етті сатамыз, ал тапқан ақшаға жай ғана бөтен біреулердің идеяларын сатып аламыз. 

Comments: 0