Жеке сайт

Пікір-ойым
Даяршылардың түрлері.       

    Барлық даяршыларды шартты түрде төртке бөлемін: «мырзалар», «қызметшілер», «роботтар» және «достар».
«Мырзалар» өздерін тәкаппар ұстайды, әзер сөйлеп тұрады, жүздерінен сыр бермейді. Кеңес Одағы кезінде сатушылар тұтынушылардан үстем болғанда осындай даяршылар басым болатын. Қазір мұндайлар сирек кездеседі. Қымбат мейрамханаға джинсы мен футболка киіп барсаңыз, жолығып қалуыңыз мүмкін.

    «Роботтар» - нұсқаулықтар мен бұйрықтар шеңберінен шықпайтын орындаушылар. Олар артық күлмейді, қажет болмаса, клиентке жақындамайды да, бірақ міндеттерін мүлтіксіз орындайды. Әдетте олар уайымшыл, кейде тіпті енжар болады.

    «Қызметшілер» бар болмысымен сізге қызмет көрсетуге және сіздің кез келген...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Ашаршылық - геноцид?       

      Геноцид – бұл қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік, діни немесе басқа да қалыптасқан мәдени-этникалық топты толық немесе ішінара жою үшін қасақана жасалатын әрекет.
      Өткен ғасырдың басында қазақтар мен украиндарға қатысты Кеңес үкіметімен геноцид жүзеге асырылған жоқ деп санаймын. Геноцид туралы айтылатын бір де бір ресми құжат көрмедім. 1932-1933 жылдары Қазақстан мен Украинадан бөлек Кеңес Одағының басқа да аймақтарында ашаршылық орын алды. Бұл зұлматтың ешқандай ұлттық немесе этникалық себебі болмағандығын, керісінше сол кездегі үкіметтің қауқарсыздығын аңғартады. Диктатура мен тоталитаризм халықтың пікірімен санаспай, күштеп ұжымдастырудың арқасында шаруалардың жағдайын күйретіп, оларды бір сәтте халық жауы атандырды. Жедел индустрияландыру саясаты Сталиннің тікелей бақылауында болғандықтан, билік аш халықтың нанын тартып...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Әйелдің түрлері.       

       Әйелдер әр түрлі болады. Күйеулерімен қарым-қатынасына қарай әйелдердің келесі 10 түрін бөліп айтар едім.

       1. Серіктес әйел.

       Ол күйеуімен бір іспен айналысып, оның көзқарасы мен барлық әрекеттерін толық қолдайды. Қиын сәтте тіпті жолдасының орынын да баса алады.

       Бұндай әйелдің жарқын мысалы – Хиллари Клинтон, қайсарлығы пен харизмасы күйеуінен еш кем түспейді.

       2. Орынбасар әйел.

       Бұлар серіктес әйелдей жолдасына барынша қолдау көрсетеді. Бірақ орынбасар әйелдің өз амбициясы болмайды да, әрдайым күйеуінің көлеңкесінде қалады.

       Мысал ретінде Лениннің әйелі Надежда Крупскаяны келтіруге болады.

       3. Ұстаз әйел.

       Мұндай әйел күйеуінің рухани ұстазы, ақылшысы болады. Ол күйеуінің көзқарастарын қолдамауы да, шаруаларына араласпауы да мүмкін. Бірақ олар күйеуінің ішкі жан-дүниесін қалыптастырады. Мысалы, ұлы қолбасшылардың әйелдері...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Пікірлес егізім.        

       Көзқарастары ұқсас адамдар, бір бірінен аумайтын адамдардай сирек кездеседі деп жатады.

       Алайда, көзқарасы менімен толық сәйкес келетін адам бар деп үміттенемін.

       Менің ұстанымым мынадай:

       1. Мен либерал-демократпын.

       Қоғамдағы тұлға еркіндігін, сөз бастандығы мен халық билігін қолдаймын. Билікті сайлау арқылы таңдап, ауыстырып отыру керек деп санаймын. Экономикадағы нарықтық қатынастар мен таза бәсекелестікті қолдаймын.

       2. Мен атеистпін.

       Мен құдайға сенбеймін. Барша әлемнің кеңістік пен уақыттағы шексіздігіне сенемін. Физика, химия, биология сынды ғылымдардың заңдылықтарына ғана сенемін. Бірақ либерал-демократ болғандықтан, құдайға сенетін адамдардың көзқарасына құрметпен қараймын (1 т. қараңыз).

       3. Мен интернационалистпін.

       Барлық нәсіл мен ұлт өкілдері тең әрі тату болу керек деп санаймын.

       4. Мен ұлтшылмын.

       Мен өз ұлтымның мәдениеті,...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Ұсақ-түйектердегі рухани кемелдік.        

       Рухани кемелдік туралы көп оқыған сайын, бұл идеялар әбден санаңа сіңіп, біртіндеп рухани өсу басталады.

       Кейде бұл рухани өсу күнделікті тіршілікке қатысты ұсақ-түйектерге онша әсер ете бермейді.

       Бүгін сауда орталығының тұрағындағы көлігіме қайтып келсем, жақын тұрған көліктің иесі есігімен менің темір тұлпарымның жанын сызып кетіпті.

       Бұлқан-талқан ашуланып, бірден оның көлігін де сызып тастасам деген ой келді. Әйтеуір кегімді қайтаруды қаладым.

       Бірақ өзімді тоқтата алдым. Ашуымды басып, бұл адам неге олай істеді екен деп ойладым? Әдейі істемеген шығар, байқамай сызып алған болар. Мүмкін бірдеңені уайымдап немесе ойлап келе жатып, есігін қатты ашып жіберген шығар? Олай болса бұл адамға аяушылықпен қарайын. Уайымына уайым қосып қайтемін? Артық кетпеген дұрыс-ау. Кек...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Сіздің қызғанышыңыз қандай?        

       Басқа  адамдардың жетістіктері туралы естігенде көптеген адамдарда қызғаныш пайда болады.

       Кейбір адамдарда қызғаныш көре алмаушылықа ұласып, мазасын қашырады. Тіпті олар өздерін жолы болмаған бейшара сезіне бастайды. Ары қарай олар жетістікке жеткен адамның бойынан кемшілік іздей бастайды. Кемшілік таппаса, ойлап табады. Нәтижесінде мынадай қауесет сөздер пайда болады: «Менің осындай қайын атам болса, мен де миллионер атанар едім! Осы еврейлердің жүрмейтін жері жоқ! Бір бастықтың тоқалы болған ғой шамасы, әйтпесе ондай ақша қайден келсін?».

       Бірақ көңілін көре алмаушылық билегендердің  жаны бәрібір тыныштық таппайды. Алға ұмтылудың орнына, олар бар қайратын босқа шығындап, әбден қажып, жүйкелерін жұқартады. Біреуге ор қазам деп, ақыры өздері түсіп тынады.

       Біреудің жетістіктерін басқаша қабылдайтын адамдар да...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Борышкерлер.        

       Берік пен Серік студенттік шақтан араларынан қыл өтпес жолдастар еді. Университетті бірге аяқтады, бизнесті де бірге бастап, «алып-сатудан» алғашқы ақшаларын тапты, дәулеттері артып,  екеуі де шаңырақ құрды.

       Кейін компанияның жұмысы жүрмей, шығынға батты. Дүкендерді жауып, сатқанның өзінде бір кредиторға біршама қарыз болып қалды. Екі жолдас қарызды қалай қайтарамыз деп бас қатырды.

       Серік пен Берік кеңселерінде тығырықтан шығар жол іздеп, ақылдасты.

       -  Біз дымсыз қалдық. Сататын да ештеңе қалмады, - деп Берік бастады.

       - Иә, - деп келісті Серік. – Бірақ...

       - Бірақ не? – деп Берік таңдана қарады. Қанша бас қатырса да, оған тығырықтан шығар жол жоқ сияқты көрінді.

       - Бізге үйлеріміз бен көліктерімізді сату ғана қалды,...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Объективтілік деген не?       

       Елге келген иммигранттар зорлық-зомбылық, қылмыс жасап ұсталып, халықтың басым бөлігі оларды елден шығарып, енді кіргізбеуді талап етіп жатса да: «Жоқ! Барлығына бірдей топырақ шашуға болмайды. Қылмыс жасағандарды жазалап, көмекке мұқтаж басқа жандар үшін шекарамызды жаппайық», - десеңіз, сіз - объективтісіз.

       Бірнеше діни фанатик «Аллахакбар!» деген ұранмен көшеде өздерін жарып жіберген соң, барлығы мұсылмандардан сескеніп, олардың құқықтарын шектеу туралы сөз қозғап жатса да: «Жоқ! Мұсылмандардың барлығы террорист емес, олардың көпшілігі ниеті түзу адамдар. Барлық мұсылмандарды қаралай беруге болмайды», - десеңіз, сіз - объективтісіз.

       Жолда оңтүстік өңірлердің нөмірін таққан көліктер алдыңыздан кесіп өтсе де, қараторы жігіттер кезексіз өтіп кетіп жатса да, айналадағылардың бәрі «южандар» - жылпос, тәрбиесіз, ұятсыз десе де: «Жоқ!...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Ғаламтордағы жеке мәліметтер.       

      Жеке өміріне қатысты мәліметтерді  президент немесе жұлдыздардан бетер қызғыштай қорғайтын параноиктерді түсінбеймін. Тіпті коммерциялық іздеу жүйлерінде де олар туралы ешқандай ақпарат болмауын қалайды.

       «Интернетте не іздегенім Гуглде сақталып қалмасын».

       «Қай ресторанда болғанымды Фейсбук біліп қоймайтындай не істеуге болады?».

       «Жарнама компаниялары микрофон арқылы біздің қоңырауларымызды тыңдайтыны рас па екен?».

       Осындай  сұрақтар маза бермей жүрген адамдар көп.

       Ал мен бұл жағдайға басқаша қараймын.

       Бұл электронды тыңшылар менің не қалайтынымды білсін.  Сонда олар менің көлік сатып алғым келіп жүргенімді біліп, маған сағыздың емес «Мерседестің» жарнамасын ұсынатын болады. Техникаға қызықсам, олар маған компьютерлердің жарнамасын көрсетеді. Менің ерекек екенімді біліп, әйелдер косметикасын маған тықпаламайды ғой.

       Бұның несі жаман?

       Олар тыңшылар немесе барлау агенттері емес...  Читать далее


Талдау 0                        
Бөлісу  

Өркениеттіліктің құны.       

       Елдің өркениеттілігі – бұл әр азаматтың табанды еңбегі. Қоқысты далаға шашпау, көшеде түкірмеу, айналадағылармен сыпайы болу, көлігіңмен ешкімге кедергі келтірмеу, артық шу шығармау, жол жүру ережелерін сақтау, пара бермеу, кешікпеу, жұмысыңды адал атқару үшін жігер керек.

       Тіпті қоқысты сұрыптап, белгіленген себеттерге ғана лақтыру да өркениеттің белгісі.

       Еліміздің өркениеттілігі үшін осындай табандылық пен жігер көрсетуге дайынбыз ба?


Талдау 0                        
Бөлісу  

1 2 ... 33