Ғаламтордағы жеке мәліметтер.
Жеке сайт

Пікір-ойым
Ғаламтордағы жеке мәліметтер.       

      Жеке өміріне қатысты мәліметтерді  президент немесе жұлдыздардан бетер қызғыштай қорғайтын параноиктерді түсінбеймін. Тіпті коммерциялық іздеу жүйлерінде де олар туралы ешқандай ақпарат болмауын қалайды.

       «Интернетте не іздегенім Гуглде сақталып қалмасын».

       «Қай ресторанда болғанымды Фейсбук біліп қоймайтындай не істеуге болады?».

       «Жарнама компаниялары микрофон арқылы біздің қоңырауларымызды тыңдайтыны рас па екен?».

       Осындай  сұрақтар маза бермей жүрген адамдар көп.

       Ал мен бұл жағдайға басқаша қараймын.

       Бұл электронды тыңшылар менің не қалайтынымды білсін.  Сонда олар менің көлік сатып алғым келіп жүргенімді біліп, маған сағыздың емес «Мерседестің» жарнамасын ұсынатын болады. Техникаға қызықсам, олар маған компьютерлердің жарнамасын көрсетеді. Менің ерекек екенімді біліп, әйелдер косметикасын маған тықпаламайды ғой.

       Бұның несі жаман?

       Олар тыңшылар немесе барлау агенттері емес қой. Бұл коммерциялық қызметтер оппозияциялық пікірлер үшін бізді қамауға алмайды. Олардың мақсаты – қалауымызды тауып, өз тауарларын өткізу. Іске сәт! Жұмыстарын жасай берсін. Бәрібір күштеп ештеңе алғыза алмайды. Тек маған қызық тауарларды ұсынса болды, таңдау менде.

       https://rb.ru/story/net-reklame/


Талдау 0             
Бөлісу