–Сәлемет пе, Фидель! 

          –Сәлемет пе, Хубер!

          –Жарайсың, Фидель! Сотта сондай жалынды сөздер айтып шықтың! Біздің партиямыз сені мақтан тұтады. Әсіресе ана диктатор туралы жақсы айттың: «егер оған тиісті жазасын бермесе және мемлекеттің иесі, президенті, премьер-министрі, сенаторы, генералы, әскери қызметшінің, азаматтық басшының, атқарушы биліктің, заң шығарушы биліктің, өмірлердің және әл-ауқаттың иелері орнында қала берсе, онда әділеттілік жоқ деп санауға болады…».

         – Иә, Хубер. Біз жеңіске жеткен кезде, барлығы да басқаша болады. Ақыры біз елімізге жаңа өмір әкелеміз. Барлығы да өзгереді!

         – Фидель, айтшы, біз ешқашан осындай кертартпа адамдар сияқты болмаймыз ғой? Біз олардың күнәларын қайталамаймыз ғой? Біз билікке қатты ұсталынбай, оппозицияны құрметтейтін боламыз, жаңа көшбасшыларды қолдаймыз, сайлау өткіземіз және төрт жылда бір рет ауысып отырамыз ғой?

         – Әрине, Хубер! Онда төңкеріспен ғана құлатуға тура келетін зұлымнан біздің қай жеріміз артық болады?!

         – Білесің бе, кітаптарда билікке келген адамдардың билікті озбырлықпен басып алуға бейім болатыны жазылған.

         – Бұл бізге қатысты емес. Өйткені халықтың билігі – біздің басты ұранымыз. Қалайша біз биліктің үнемі ауысып отыруы туралы уәдені бере тұрып, өзіміз сосын ауыспай отырамыз? Бұл мүмкін емес!

         – Сонда да, менің күмәнім бар. Өйткені билік – бұл алапестердің бөлмесі сияқты. Көбісі оған ауруларды емдеу және ондағы барлығын өзгерту ойымен кіреді, бірақ бірнеше уақыттан кейін билік вирусын жұқтырып алады және олардың бастамашыларына айналады.

         – Білесің бе, Хубер? Осыны өзіңе алшы.

         – Бұл не?

         – Бұл менің атаулы алтыатарым. Келесі жөнінде келісейік: егер «біздің қоғамымыз тұрақтылықты қажет етеді», «өткелде аттарды ауыстырмайды», «президенттің орнын баса алатын лайықты адам жоқ», «бізде дамудың ерекше жолы бар» және тағы сондай сияқты ана диктатордың сөздерін менің аузымнан еститін болсаң, онда мен бұл ауруды жұғып алдым және қатты аурып қалдым. Маған келіп мені атып өлтір. Мені аяма, өйткені бұл мен емес. Сенің алдында жауыз болады. Солардың бірі. Маған уәде бер, Хубер.

          – Уәде берем, Фидель.

        … Жиырма жылдан кейін…

          – Сәлемет пе, Хубер! Көріспегенімізге қанша уақыт өтті! Қалың қалай?

         – Рахмет, Фидель. Жақсы.

         – Сені бірдене мазалап жүрген сияқты.

         – Фидель, мен саған сенің көзқарасыңды және әрекеттеріңді енді жақтамайтынымды айтуға келдім. Сен өзгеріп кеттің. Сенің билік басында отырғанына көп жыл болды және кету ойың жоқ. 

         – Хубер! Мен ел үшін қиын уақытта биліктен қалай кете аламын. Бұл менің халқыма сатқындық жасағандай болады. Өткелде аттарды ауыстырмайды. 

        – Сен билік еткен жылдардың ішінде дағдарыстар мен гүлденулер де болды. Менің ойымша, саған биліктен кетуге кедергі болып жатқан басқа себеп бар.

        – Мені осында мемлекет үшін қорқыныш ұстап тұр. Сен ойлап көрші мұнда не басталып кетеді! Мұндағы ағайындар мен топтар бір–бірін жоймақ болады және бір-бірін түрмеге отырғыза бастайды. Бейберекеттік орын алады. Ал елге қазір тұрақтылық керек.  

        – Бірақ, Фидель, сен емес пе осының барлығын құрған? Сен емес пе демократиялық институттарды дамытудың орнына бұл топтардың өсіп дамуына мүмкіндік бердің? Сен емес пе төңкерістен кейін бір адамнан, оның көңіл-күйінен және денсаулығынан тәуелді болмайтын жүйені құруға міндетті едің? Біз екеуміздің армандағанымыз демократия емес пе?

         – Хубер, мен ойы дұрыс және адал ниетті кез-келген адамдармен жұмыс істеуге дайынмын. Бірақ олардың барлығы қайда? Біреулер – мені сатып, шет елге қашып кеткен және сол жерден мені жамандап жатқан бұрынғы серіктестер. Бұл дұрыс па өзі? Осындай адамдармен сөйлесуге бола ма екен? Екіншілері – жемқорлар. Ұрлап алды енді түрмеде отыр. Үшіншері – адамдарды алаңға шақырып, төңкеріс жасағысы келетін ақылдары жоқ адамдар. Оларды да түрмеге отырғызуға тура келді. Осыдан кіммен келіссөз жүргізесің? Құрылымдық оппозиция жоқ. Ерсілігім үшін мені кешірерсің, бірақ менің орнымды баса алатын лайықты адам жоқ.  

         – Сенің алдыңдағылар тура осыны айтқан болатын, ал сен болсаң, оған қарсы шықтың. Сен демократия үшін күрестің.

          – Жоқ, Хубер, қазір мүлдем басқа жағдай. Сонымен қоса, мен осы жылдар ішінде біреуге соқыр еліктеуге болмайтынын түсіндім. Бізде демократияның дәстүрлі түсініктеріне ұқсамайтын, дамудың өзіндік жолы болады. Сонымен біздің өзіндік менталитетіміз бар. Түсінемісің?

          – Фидель, мен саған бірнәрсе алып келдім.

          – Бұл не? Алтыатар?! Сен оны не үшін алып келдің? Сен есінен ауыстың ба?

          – Сен біздің уәдемізді ұмытып қалдың ба?

         – Қандай уәде? Күзет!!! Мынаны ұстаңдар! Президентке қастандық ойлағаны үшін және Отанға опасыздық жасағаны үшін тұтқынға алындар! Ешқашан ешкімді менің жаныма жолатушы болмандар! Олар менің көмекшілерімен сөйлессін. Күзетті күшейтіңіз! Ешкімге маған жақындауға мүмкіндік бермендер! Бұл сатқындар мені биліктен алып тастап, біздің елімізді жойғысы келеді! –

Comments: 0