1990-жылдары Америкаға алғаш келгенімде бір оқиға есімде қалып қойды.

        Досыммен тыныш көшемен қаланы аралап келе жатыр едік. Бір кезде қасымыздан рэпті бақыртып қойған көлік зу ете қалды. Көлікте жалаң аяқтарын терезелерден сыртқа шығарып, сыраны сорып отырған афроамерикандықтар отыр екен. Бізге ала көздеріменен қарап қояды. Досым оларға қарамауымды сұрады, тіпті теріс қараған дұрыс деп өтінді. Кейін ол афроамерикандықтар мен Латын Америкасынан келген эмигранттар жергілікті халықтың мазасын алып отырғанын айтып берді. Олар бұл бұзақылардың қылықтарына сабыр сақтап, төзіммен қарап отыр екен. Бірақ жағдай ушығып бара жатқаны анық еді.

        Сосын қалыптасқан жағдайдың себебі туралы ойландым. Бұл жергілікті халықтың кемсітуіне деген олардың жауабы деген ой келді. Қанша дегенмен, АҚШ тұрғындары расизмнен әлі толық арыла қойған жоқ.

        Қара нәсілділер мен эмигранттарды жұмысқа ала қоймайды. Нәтижесінде олардың арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары. Жұмыссыздық қылмыс жасауға итермелейді. Қара нәсілділер мен эмигранттар арасында қылмыс жасауға бейім деген пікір сіңіп кеткен соң, оларды жұмысқа қабылдауға ешкім құштар емес. Осындай күрмеуі қиын түйін.

        Америка үшін осы мәселенің шешімін табу өте маңызды. Біріншіден, қара нәсілділер мен эмигранттарға қатысты талаптарды қатаңдату тәртіпсіздік пен толқуларға себеп болуы мүмкін. Екіншіден, бұзақыларды жазасыз қалдыру онсыз да әзер шыдап отырған жергілікті халықтың ашу-ызасына тиеді.

        Бұл мәселе жөнінде президент Обаманың ұстанымымен келісемін. Оның айтуынша, бұзақылық әрекеттеріне полияция тарапынан тойтарыс берілумен қатар, эмигранттар арасындағы қылмыстың негізгі себептерін алдын алумен айналысу керек.

Comments: 0