Біз достарымызбен жастау болған кездеррмізде бір-бірлерімізді отбасыларымызбен бірге жиі мейрамханаға шақырып тұрғандарымыз есімде. Бірлесіп тамақ ішу жақындатады, сырластық әңгімелерге тартады.

Бірақ әр жолы отырыстардан кейін бізде «Мен төлеймін!» деген қазақ ұлттық ойыны басталатын. Біз тұс-тұстан шотты бірінші даяшыдан, одан кейін бір-бірімізден жұлып алатынбыз және де кең пейілді түрде ол бойынша төлейтінбіз. Шотты жұлып алып, ол бойынша барлығы үшін ақша төлейтін осы ойынның жеңімпазы деп жарияланатын. Ол ең жомарт та, яғни, ең бай және қарыспа деп саналатын.

Одан кейін біз есейдік, жапан кездік, адамдарды көрдік және де біраз уақыттан бері бұл ойынды ойнамайтын болдық. Мүмкін, біз достарымызға ештеңе дәлелдеуді тырыспағандықтан шығар (бір-біріміздің жомарттылығымызды және де дәулеттілігімізді жақсы білетін болдық ғой), ал, мүмкін, әр компанияда ауқаттары төменірек жолдастарымыз бар болғандықтан шығар, сондықтан оларға бізбен сайысу тиімсіз болып, ал сайыспаған – ыңғайсыз жағдай туғызатыннан болар. Осының салдарынан жолдастармен мейрамханаға бірлесіп бару, бір отбасы барлықтарымыз үшін төлеуге мүмкіндіктері болмай, ал әр кезде біреудің арқасында тамақтану олар үшін ыңғайсыз болған жағдайлардан тоқтап қала жаздаған.  

Жалпы алғанда, осы маңғаздықпен ауырып жазылғаннан кейін, біз мейрамханаға американдықша барамыз, яғни, әр отбасы өзі үшін ғана төлейді. Осылайша оңайлау болды. Әркім өзінің қалауынша және де мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырыс береді. Ешкім ешкімнен кіріптар болмайды. Шот үшін де төбелесу қажет емес. Тек біреу қонақтарды мейрамханаға өзінің жеке бір салтанатына шақырған жағдайда ғана ол барлықтары үшін төлейтіні ойда тұрады. 

Comments: 0