– Анашым, әке, сендер неге үнемі үйде отырып қалдыңдар? Бір жаққа, тым болмаса жипажайға демалып барып келіңіздер. Мен сіздерге жолдама алып берейін. 

– Рахмет, балам. Бізге үйімізде де жақсы. Біз туралы ұайымдай бермесеңші. 

– Анашым, сен неге тағы пойызбен келе жатырсың? Мен саған ұшаққа билет сатып алайыншы. 

– Не үшін? Пойызда жүрген мен үшін үйреншікті және де көңілдірек болар. Және де билеті арзанырақ. Ақшаны босқа шығаруда не керегі бар?

– Әке, ал сен неліктен келе жатырмын деп қоңырау шалмадың? Мен сені пойыздан қарсы алушы едім ғой. 

– Ал не, мен соншалықты көнетоз және дәрменсізбін бе? Пойыздан түсіп автобусқа отыра алмаймын ба екен?  Жүгім көп емес, сондықтан алаңдама, өзіңнің істеріңді атқара бер. 

– Анатай, сіздердің ақшаларыңыз бітіп қалған шығар. Мен бүгін тағы  жіберейін.

– Балам, қажеті жоқ! Ақшамыз бар. Және де бізге көп ақша қажет те емес. Студент қызыңа жібергенің дұрысырақ болар. Оған алыс жақта жалғыз тұру оңай емес қой.

Елдің бәрінің ата-аналары осындай ма екен, қызық? )))

Comments: 0