Лақаптарды әйгілілемеу үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізіп, мемлекет халықпен қоғамдық келісім жасады. Қазақстанда жалған хабарды тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қабылдағанда, мен осы жаңалыққа байсалдықпен қарадым.

Банктің банкротқа ұшырауы туралы лақап ондағы депозиттердің жылыстауын және шұғыл банкротқа ұшырауын туғызатынын өте жақсы түсінемін.  Немесе, Алматыда болатын жер сілкінісі туралы лақап әуежайлар мен вокзалдарда дүрбелең мен кептелу шығаруы мүмкін делік.

Сол сияқты барлық жағдайларда біреудің тентектігі немесе ақымақтығы адамдарға зор зиянкестік істеуі мүмкін. 

Мемлекет, осындай заңды қабылдап, азаматтарға бұл лақаптардың қауіптілігін түсіндіретіндей сияқты және де олар үшін жазалауды енгізді. Оларды әйгілілемеу туралы қоғамдық келісімді жасаған сияқты болды.

Бірақ та! Келісімнің қайсысы болса да тараптардың өзара міндеттемелерін туғызу қажет.

Егер халық өз тарапынан лақаптарды таратушыларды жазалаумен келіссе, мемлекет, өз тарапынан, сол халықты ресми және шынайы ақпаратпен қамтамасыздандыру қажет. Осы лақаптар шықпау үшін дәл керегі.    

Ал ресми ақпарат болмаса,  бірақ бірдеңе нақты болып жатса, мысалы, Алматыдағы сел сияқты, ақпараттың жетіспеушілігі міндетті түрде біреудің болжалымен, жорамалымен, қиялымен толықтырылады.

Ал сіздер нені күттіңіздер?

Сіз бір жақтан жаңалықтарды тоссаңыздар, сол жақтағы масаның да шиқылы сіздерге жаңалық болып естіледі ғой. Адамның жаратылысы осындай.

Осыған орай қоғамдық келісімнің бір тарапында, халықта, бір әділ сұрақ туындап тұр: «Лақаптар болмауын қалайсыздар ма? Өздеріңіз ресми және шынайы ақпартты жеткізіңіздер.

Егер келісімнің өздеріңіздің бөлігін орындай алмасаңыздар немесе орындағылаңыз келмесе, бізден де лақаптарды әйгілелемеу туралы келісімнің шарттарын орындауымызды тоспаңыздар».

Comments: 0