Балалық шағымда, әжеме құдықтан су тасығанымда, бір құбылысты байқап қалдым: ел су тасып жүрген топқақ бойындағы шөп айналадағыдан ылғи көгірек және балғындау болатын. Жай ғана шелектен шашыраған су топқақ бойындағы шөпті еселеп суарады. Сонымен қатар сәл алыстағы шөп генетикалық еш нашар емес те, және күн де бәріне сәулесін бірдей төгіп тұр. Бірақ-та бір шөпке топқақ бойында өсіп шығу сәті түсті.   

Дәл осындай әсер экономикада да байқалады.

Егер бір елде немесе елдің аймағында жоғары табыстардың көзі болса, бұл жердегі бағалар көршілес аймақтардағыдан жоғары болады. Алайда жоғары бағалар үшін басқа объективтік себептер жоқ.

Мысалы, Атырауда көптеген тауарларға бағалар Алматыдағыдай сияқты дерлік. Және де жылжымайтын мүлікке де бағалар бірдей сияқты. Бірақ Алматы мен Атыраудағы өмір жағдайларын шындықпен салыстырып көріңіздер. Алматыда қолайлы жұмсақ климат, көк шөп және ағаштар, әдемі таулар, дамыған инфрақұрылым. Ал Атырауда болса қытымыр климат, өсімдігі тапшы және нашар дамыған қалалық инфрақұрылым. Қалайша мұндағы жылжымайтын мүлік Алматыдағыдай қымбат болуы мүмкін?

Істің мәні бұнда мұнайды, Қазақстанның экспорттық тауарын, қазғанда болып тұр. Мұнай компаниялары орасан зор табыстары арқасында мұнда қызмет істейтін мамандарға біршама жоғары жалақы төлеуге мәжбүр. Ал бұл мамандар, өзінің жалақысымен жергілікті шектеулі нарыққа шығып, өзара пәтерге, жиһазға, көлікке және т.б. үшін бәсекелесе бастайды. Сатушылар, осына көре тұра, бағаларды жоғарлатып жібереді.  

Міне суық қысты және аптапты жазды және қаланың айналасындағы құла даласы бар Атыраудың жайсыз шағын ауданындағы пәтер кенет көгілдірлері және арықтары, мұнтаздай аулалары, тегіс жолдары және иек астында «Медеу» бар Алматыдағы дәл сондай пәтердің бағасымен теңеліп кетуі болып шықты.  

Дәл осы бүкіл Қазақстанмен де болып қалды. Көктен түскен тосын жәйіт – мұнайдың арқасында арзан күйіктас гранитты жаңа құрылыстары, дамымаған инфрақұрылымы және жылы шырайсыз халықы бар қазақстандық астана жылжымайтын мүліктің бағасы бойынша нақты ғасырлық сарайлары, жүз жылдық жұмыспен тексерілген инфрақұрылымдары және шырайлы қалалықтары бар әлемдік астаналар Лондон, Париж, Мадридпен бәсекелесе бастады. Қарапайым париждіктен ол Париждің шетіндегі өзінің кішкентай пәтерін Астананың орталығындағы дәл сондай пәтерге айырбастайма екен деп сұраңыздаршы. Әрине, жоқ. Тіпті оған астаналық пәтер оның париждік пәтерінен де қымбат деп айтса да. Ал астаналықтардың көбі қуана-қуана айырбастаушы еді (айтпақшы, көбі дәл осылай істейді де).

Қазақстандықтарды жұбандырғым келеді. Осындай құбылыс тек қана бізде емес, «голландиялық ауруға» шалдыққан, яғни жоғары табыстар көзі біршама таяудаға ғана атыла бастаған, және бұл көз әлі де амандықтың ғасырлық іргетасын құрмаған барлық елдерде байқалады.

Мысалы, жақында мен Норвегияда болдым. Оның астанасы Осло әлемдегі ең қымбат қалаларының бірі болып табылады. Менің өзімнің көзім бұған жетті. Орталықтағы бес жұлдызды мейманхана Париждегі Елисей  алаңындағы дәл сондай бес жұлдызды мейманханасынан қымбат тұрады. Бірақ мені кешіре көріңіздер, Осло дегеніміз не, және Париж дегенеміз не. Мен Норвегияны қаншалықты силасамда, Париждің жайлылығын, әсемділігін, және де, ең бастысы, климатын ешқандай ақшаға сатып алу мүмкін емес. Факт факт болып қала береді: Ослодағы өмір Париждегіден қымбат.

Міне осылайша табыс көздеріне жақындық нарықтың көрінісін көбінесе бұрмалайды. 

Comments: 0